Кенжебаева Куляш Кожаниязовна
Достижения
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы Қандыағаш қалалық № 2 орта мектебі
Еңбек өтілі 22 жыл. Жоғары санатты педагог
Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының шешімі бойынша Y Республикалық тәуелсіз қоғамдық байқаудың жеңімпазы ретінде «Үздік ұстаз» төсбелгісімен марапатталды. Байқаудың жеңімпазы ретінде «Үздік ұстаз» сертификатына ие болды. 2017 жылы «Ақтөбе-Дарын» Облыстық педагогикалық олимпиадасында ІІІ дәрежелі диплом иегері атанды. 2016 жылы Қазақ әдебиеті пәні бойынша мұғалімдерге арналған Республикалық қашықтық олимпиадасында ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. «RСДО» Республикалық қашықтықтан өткізілетін олимпиадалар орталығы ұйымдастырған қазақ тілі пәні бойынша Жалпықазақстандық олимпиадасына жеңімпаз дайындағаны үшін «Алғыс хат» табысталды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елбасы-ел тірегі» қашықтықтан өткізілген интернет-байқауында жүлдегерлерін жоғары дәрежеде дайындағаны үшін «Диплом»; Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға ұсынылған баяндамасы баяндамалар жинағында «Жаңаша оқыту әдісімен» тақырыбында жарыққа шықты. 2017 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде «Жұбанов тағылымы» атты дәстүрлі ІХ халықаралық ғылыми конференция аясында өткен «Ең үздік Жұбановтанушы» конкурсына қатысып, сертификат алды. Ұсынылған баяндамасы басылым бетінде жарық көрді. 2017 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде «Жұбанов тағылымы» атты дәстүрлі ІХ халықаралық ғылыми конференция аясында өткен «Ең үздік Жұбановтанушы» конкурсын ұйымдастыруға үлес қосқаны үшін «Алғыс хатпен» марапатталды .