Койлыбаева Мереке Бейбитовна
Достижения
Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Ұйым ауылы Ы.Сүлейменов орта мектебі
Еңбек өтілі 23 жыл. Жоғары санатты педагог
2013 жылы бастауыш сынып мұғалімдерінің ІІІ аудандық панорамалық сабақтар байқауында ІІ орынды иеленді. 2013 жылы Сарысу ауданы әкімдігінің білім бөліміндегі аудандық «Ең үздік интерактивті тренинг-сабақ» атты байқауында үздік сабақтар көрсеткені үшін ІІ орынды иеленді. 2015 жылы Сарысу ауданы әкімдігінің білім бөлімі аудандық «Салауатты мектеп» (сырттай байқауында балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтауда сауықтыру жұмысының мазмұнды түрлерін көрсете білгені үшін ІІІ орынды иеленді. 2015 жылы «Педагогикадағы инновациялар» республикалық ғылыми-әдістемелік журналының редакциясы «Көшбасшы» педагогикалық орталығына педагогикалық инновацияларды оқу-тәрбие жүйесінде белсенді пайдаланып, бұқаралық-ақпараттық құралдарына насихаттағаны үшін «Алғыс хат» берілді. 2015 жылы математика пәнінен Халықаралық қашықтық олимпиадаға 2-ші орынға ие болған оқушыларды дайындағаны үшін куәлікке ие болды. 2016 жылы 2017-2018 оқу жылында Пони Халықаралық байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін сапалы дайындағаны үшін Дипломмен марапатталды. 2015 жылы Астана қаласы «Педагогика және Психология» орталығының ұйымдастыруы бойынша педагогтар мен психологтардың кәсіптік шеберлігін жоғарлату аясында білім алғаны үшін сертификат алды. 2016 жылы «Өрлеу» Біліктілікті арттыру Ұлттық Орталығының ұйымдаструымен «Бастауыш сыныпта инклюзивті білім беру жағдайында мүмкіндігі шектеулі балалардың дамуын педагогикалық –психологиялық сүйемелдеу» және «Блум таксономиясы-бағалаудың құралы ретінде» тақырыбында облыстық семинарға қатысқаны үшін сертификат берілді.