Қойшыбаева Мейрамша Тажмаханқызы
Достижения
Қызылорда қаласындағы Ахмет Байтұрсынов атындағы №211 орта мектеп
Еңбек өтілі 34 жыл. Жоғары санатты педагог
Мейрамша Тажмаханқызы институт қабырғасынан кейін 1984-1989 жылдар аралығында Қармақшы ауданы «Жаңақала» ауылында №185 қазақ орта мектебінде мұғалім болып жұмыс атқарды.1989 жылы Қызылорда қаласындағы А.Байтұрсынов атындағы №211 орта мектепке ауысып, 1995 жылдан бері аталған мектепте директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін абыройлы атқарып келеді. Осы уақыт аралығында мектепте көптеген абыройлы істердің ұйытқысы болды. 2004 жылдан бері дәстүрге айналған ҰБТ нәтижесінде мектепте 11 оқушы «Алтын белгі» иеленсе, бірнеше «Үздік аттестат» иегерлері шықты. Мектепте оқушылардың «Олимпиадалық резерв мектебінің» жетекшісі. Оқушысы Жақсығұл Мәншүк физика пәнінен қалалық пәндік олимпиададан 3 орын, Еркінқызы Ғалия математикадан қашықтық олимпиададан жүлделі 1 орынға ие болды.Ол оқытудың жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерін оқып үйреніп, оларды сабақтарында тиімді, жүйелі пайдалана біледі. Осы кезеңдерде мектепішілік педагогикалық оқуда жасаған «Ақпараттық технологияны оқу үрдісінде пайдалану бағдары» атты баяндамасына әріптестері жоғары баға берді. Мектепте өтілетін қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады. Эстетикаға жақын, ән салады, домбырада ойнайды. Қалалық, облыстық деңгейде «Наурыз шапағаты» сайысының лауреаты атанған. Оның мінезі ашық, ақжарқын, жауапкершілігі мол, еңбексүйгіш, шығармашылықпен жұмыс атқаратын өз ісінің шебері. Осындай еңбектерінің арқасында 2013 жыл желтоқсанда қызылорда қалалық білім бөлімінің құрмет грамотасымен, 2015 жылы Қызылорда облысының білім басқармасының құрмет грамотасымен, «НұрОтан» ХДП-ның алғыс хатымен марапатталған. Баспа беттеріне материалдары жарық көріп тұрады.
Шәкірттері қалалық пәндік олимпиададан оқушылары ІІ, ІІІ орын иегері. Оқушысы облыстық ғылыми жобадан ІІІ орын иегері.