Молдахметова Ғапура

1746 место в рейтинге
  • Общий бал: 0
  • /
  • Проголосовало: 0

Достижения

Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы №272 орта мектеп

Еңбек өтілі 31 жыл. IІ санатты педагог




2017 жылы жастарға сапалы білім, сапалы тәрбие берудегі қосқан үлесі үшін «Ұстаз ұлағаты» төсбелгісі табысталды. Жас ұрпақты тәрбиелеу долындағы толымды еңбектері мен қалалық байқауларда жүлдегерлер дайындағаны үшін Алғыс хатпен марапатталды. Еліміздің рухани, әлеуметтік даму жолында қол жеткен табыстары мен оның гүлденуіне қосқан жеке үлесі үшін және 2014-2015 оқу жылындағы ерекше жетістіктері үшін Байқоңыр қаласындағы халықаралық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің Алғыс хаты табысталды. Бүгінгі заман талабына сай бәсекеге қабілетті зерделі, ой-өрісі кең жастарды тәрбиелеуге, білім сапасын дамытуға қосқан жеке үлесі үшін Байқоңыр қалалық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің мадақтамасымен марапатталды, 2016 жыл. Халықаралық «Пони» байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері сапалы дайындығы, қажырлы еңбегінің арқасында оқушылардың жоғары нәтиже жеткені үшін мадақтама берілді. Байқоңыр аймақтық ардагерлер кеңесі қоғамдық бірлестігі, Алғыс хат. Сыр өңіріндегі білім саласының жан-жақты дамуына қосқан үлесі үшін, ел тұтқасы – білімді ұрпақты қалыптастырудағы ұстаздық қызметі үшін Қармақщы ауданының әкімінің алғыс хаты, 2018 жыл; Республикалық «Өнеге» интеллектуалды білім порталының «Үздік ашық сабақ» номинациясы бойынша II орын иеленді. «Дарын» РҒПО мен Ұлттың Интернет Олимпиадалар порталының ұйымдастыруымен математика пәні мұғалімдеріне арналған қашықтық олимпиадасына қатысып, I дәрежелі дипломмен марапатталды, 2018 жыл.