Молдашева Нурзада Башенбаевна
Достижения
Ақтөбе облысы, Қандыағаш қаласы «Күншуақ» бөбекжай-бақшасы
Еңбек өтілі 30 жыл. I санатты педагог
Білім саласының дамуына қосқан үлесі үшін алғыс хаттармен марапатталды. Қазақстан Республикасының қарулы күштері мерекесіне орай кросс жарысында I орын иеленді, 2013 ж.; Наурыз мерекесі қарсаңында кәсіподақ саласындағы еңбегі үшін Мадақтама, 2016 ж.; Балабақша тәрбиеленушісі Серіков Жан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған «Кішкентай ханзада» байқауында бас жүлде иеленді. «Эксперименттік және инновациялық жұмыс-педагогтардың кәсіби құзіреттілігін дамыту кепілі» тақырыбындағы облыстық-ғылыми практикалық конференцияда баяндамасы жинаққа енді, 2013 ж.; «Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуына психологиялық ықпал ету» тақырыбындағы семинар-тренингке қатысқаны үшін сертификат, 2013 ж.; «Жаңа білім бағдарламалары, инновациялар және құзыреттілік тәсілдеме-табысты мектепке қадамдар» облыстық тамыз педагогикалық кеңесінде материалдары кітапқа енді, 2015 ж.; Ақтөбе ғылыми-тәжірибелік орталығы «Эколабаратория» ашық сабақ кітапқа енді, 2014 ж.; «Педагог қызметкерлерді аттестаттаудың дайындық мәселелері және білім беру мекемесіндегі педагогті аттестаттаудан өткізу тәртібі» тақырыбындағы облыстық семинарға қатысқаны үшін сертификат, 2015 ж.; «Мектепке дейінгі ұйымдар жағдайында экологиялық білім беруді ұйымдастыру және жетілдіру жолдары» тақырыбындағы семинарға қатысқан үшін Сертификат, 2015 ж.; Тәрбиешінің жетекшілігімен Өмірзақов Әділет «Тәуелсіздік ел бақыты» атты республикалық көркемсурет байқауында III орын иеленді.