Мусатаева Айсулу Болатбековна

1756 место в рейтинге
  • Общий бал: 0
  • /
  • Проголосовало: 0

Достижения

Қарағанды қаласы «Жас натуралистер станциясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Еңбек өтілі 8 жыл. II санатты педагог
2016-2017 оқу жылынан бастап Қарағанды облысының экологиялық-биологиялық бағыттағы қосымша білім беру педагогтарының облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмысына жетекшілік етеді. «Жалпыұлттық патриоттық «Мәңгілік ел» идеясы негіздерін жүзеге асыру шеңберінде қосымша білім беру ұйымдарында оқу-тәрбиелік процесті дамытудың келешегі» тақырыбындағы өткен республикалық білім беру семинарына қатысты. Тақырыптық іс – шаралар жүргізеді, биологтарға арналған халықаралық және қалалық, облыстық семинарларға қатысты. Қарағанды облыстық қоғамдық-саяси «Орталық Қазақстан» газетінде 2017 жылдың 05, 21 қаңтар күндері «Жаңа жылдық көрме», «Шығармашылық қабілет-назарда», 26 қаңтарда «Ізденіс» облыстық педагогикалық газетінде «Зерттеушілік жұмысты жүргізу әдістемесі» тақырыптарында өзінің мақалалары жарыққа шықты. Республикалық «Қазақстандық ЖОО мен орта мектептерде тәрбие мен білім беру: ізденіс және даму перспективалары» әдістемелік оқу құралы жинағына «Алматы, 2017 ж.» «Биология – мұғалімнің жұмысын ғылыми негізде ұйымдастыру» тақырыбында мақаласы енгізіліп, педагогтің еңбегі www.orleu.kz республикалық интернет ресурсының жинағында жарияланды. Облыстық ашық «Әдістемелік вернисаж» педагогикалық жұмыстар фестивалінде «Үздік презентация» байқауының «Оқыту сабағы» номинациясы бойынша (2015-2016 оқу жылы) І дәрежелі дипломмен марапатталды. Облыстық ашық «Әдістемелік вернисаж» педагогикалық жұмыстар фестивалінде «Менің педагогикалық қоржыным» байқауының «Жинақ» номинациясы бойынша (2015-2016 оқу жылы) мадақтамампен марапатталды. Республикалық ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарларға қатысып, баяндамалар жасады.