Абдрашимова Мырзакуль Абдрашимовна
Достижения
Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы Әлихан Бөкейханов атындағы орта мектеп
Еңбек өтілі 35 жыл. Жоғары санатты педагог
2014 жылы халықаралық «Әлемдік өркениет және оның дамуындағы ғылымның әлеуетін арттырудың өзекті мәселелері» атты ғылыми-практикалық конференцияға оқушысы Уәли Нұрдаулет қатысып, І дәрежелі Дипломмен марапатталды; 2014жылы облыстық «ХХІ ғасырдағы ғылым, қоғам және технология» тақырыбындағы республикалық химия, биология пәні мұғалімдерінің съезі аясында «Химия пәнінен қолданбалы курсты оқытудың оқушы құзыреттілігін арттырудағы маңызы» тақырыбында өткізілген семинар практикумға қатысып, өзінің «Химия адам өмірінде» атты авторлық бағдарламасын қорғап, өз іс-тәжірибесімен бөлісті; 2014 жылы облыстық «Химия пәнінен оқушыларды ҰБТ-ға дайындаудың тиімді әдістері» тақырыбындағы семинар-практикумда баяндама жасап, өз іс-тәжірибесімен бөлісті; 2015 жылы Республикалық «Мектеп-45 минут» журналына ұсынған озық іс-тәжірибесі үшін алғыс хатпен марапатталды. 2015 жылы халықаралық «Әлемдік өркениет және оның дамуындағы ғылымның әлеуетін арттырудың өзекті мәселелері» атты ғылыми-практикалық конференцияға қатысып, үздік жұмысымен танылғаны үшін І дәрежелі Дипломмен марапатталды. 2015 жылы Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференцияда «12 жылдық білім беруге көшу барысында үздіксіз педагогикалық тәжірибесінің мазмұнын жаңғырту: Халықаралық тәжірибе және болашағы» тақырыбындағы баяндамасы жинаққа еніп, Дипломмен марапатталды. 2015 жылы Болгария Республикасынан шыққан «Бъдещите изследования - 2015» ХІ халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар жинағында «Инновациялық технологияларды қолдану даярлығы» атты баяндамасы 25-томда жарияланды.