Мұханбедияр Қамқа Сидаққызы

2 место в рейтинге
  • Общий бал: 5
  • /
  • Проголосовало: 1

Достижения

Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы №1 мектеп-гимназия

Еңбек өтілі 22 жыл. Жоғары санатты педагог
Республикалық 2016 жыл «Шәкірт жүрегіне жол тапқан ұстаз» Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің үздік қызметкерлері жинағына енді. Облыстық «Инновациялық үдеріс- мектептегі жаңашылдықты қалыптастыру, қолдану және тарату» тақырыбындағы облыстық семинар-практикумда «Математика-нақты ғылымдар кілті» тақырыбында шебер класс беріп, іс-тәжірибесімен бөлісті. Облыстық «Идеялар аукционы:жаратылыстану-математикалық бағытта білім беруде жаңа технологиялар білім сапасын арттыру негізі ретінде» облыстық әдістемелік орталығында «Оқушылардың математикалық қабілетін дамытуда инновациялық технологияларды тиімді қолдану» тақырыбында әдістемелік- панорамада өз іс-тәжірибесімен бөліскені үшін Алғыс хатпен марапатталды. Облыстық эсселер жинағына «Білім беру мазмұнындағы жаңартулар туралы түйгенім...» мақаласы енгізілді. «Жаңаша оқыту- заман талабы» электронды орта жасады. Облыстық «Білім беру саласындағы тынымсыз шығармашылық еңбегі мен өскелең ұрпақта тәрбиелеудегі қол жеткізген табыстары үшін» Ақтөбе облысының білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды. Облыстық Математика пәні мұғалімдері арасында ұйымдастырылған облыстық педагогикалық олимпиадада I дәрежелі дипломмен марапатталды. Облыстық «Математика және физика пәндері бойынша қорытынды қайталауды ұйымдастырудың түрлері мен әдістері: ҰБТ-ға дайындық барысында интерактивті құралдарды қолдану» тақырыбындағы вебинарға қатысқаны үшін сертификат берілді. Публикациялары республикалық, халықаралық интернет басылымдарға жарияланып, сертификаттар алды. Республикалық ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарларға қатысып, баяндама жасады. Оқушылары республикалық, халықаралық деңгейдегі шығармашылық байқаулар мен олимпиадаларға қатысып, жүлдегер атанды.