Мұсабекова Майра Басевхановна
Достижения
Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы
Әлихан Бөкейханов атындағы орта мектеп
Еңбек өтілі 27 жыл. Жоғары санатты педагог
2014 жылы «Менің инновациялық сабағым» атты І халықаралық оқытушылар сайысында «Ұшқыр ойдың майталманы» номинациясы бойынша ІІІ-орынға ие болды. 2014 жылы Оқыту және дамыту орталығымен ұйымдастырылған «Ұлағатты ұстаз» атты ІІІ республикалық оқытушылар конкурсында «Әдістемелік әзірлемелер» бағытында ІІІ орынды иеленді. 2014 жылы Оқыту және дамыту орталығымен ұйымдастырылған «Ұлағатты ұстаз» атты ІІІ республикалық оқытушылар конкурсында «Сынып сағаты» номинациясына ие болды. 2016 жылы Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына орай өткізілген «Жасампаз халық жыршысы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конферециясына қатысып, І дәрежелі дипломмен марапатталды. 2016 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы,Алматы қаласының 1000 жылдығы қарсаңында « Ғылым және қоғам» айдарында «Қоғамдық өмірдің барлық саласында ұлттық және дүниежүзілік құндылықтарды қабылдауға қабілетті, рухани-адамгершілік мүмкіндігі мол тұлға қалыптастыру» атты мұғалімдердің халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында жасаған жоғарғы дәрежелі, құнды баяндамасы үшін / дәрежелі дипломмен марапатталады. 2016 жылы « Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Қазақ Творчествалық Бірлестігі халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайта отырып, еліміздің өркендеуі жолында жас ұрпаққа саналы білім, сапалы тәрбие берудегі ұйымдастырушылық, іскерлік қабілетіңізді жоғары бағалап «Ыбырай Алтынсарин» медалімен марапатталды. 2017 жылы «Қазақстан Республикасының Үздік мұғалімі» төс белгісімен марапатталды. Шәкірттері аудандық, облыстық, республикалық көлемдегі түрлі байқауларда жүлделі орындарға ие болып жүр.