Абилдаева Акнур Абзаловна
Достижения
Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Шұбар №37 негізгі мектебі
Еңбек өтілі 8 жыл. І санатты педагог.
2015 жылғы 21 сәуірде «Мұғалімдердің кәсіби дамуындағы жаңа мүмкіндіктері» атты қалалық семинардан сертификат; 2015 жылы «Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқытуды инновациялық технологиялар арқылы жаңа форматты білім беру үлгілерімен ықпалдастыру» курсының тыңдаушысы сертификаты; 2014-2015 оқу жылының қорытындысы бойынша оқушыларды оқытуда және тәрбиелеуде шығармашылықпен қажырлы еңбек етіп, жоғары нәтижеге жеткенім үшін Целиноград білім бөлімінің басшысы Қ.Ахметовтың мадақтамасы; 2016 жылы «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» жобасы бойынша семинарға қатысқансертификат; 2016 жылы Көкшетау қаласында өткен «Тиімді оқыту мен оқу» біліктілік арттыру курсына қатысқан сертификат; 2016 жылы Аудан әкімі М.Тәткеевтің Алғыс хаты; 2016 жылдың желтоқсан айында tarbie.kz сайтынды «Қош бол,құтты әліппем», «Бастауышым- балбұлағым» атты сыныптан тыс жұмыстарын жариялаған, сертификат пен алғыс хатпен марапатталды. Шәкірттерінің жетістіктері: «Ақбота - 2015» интелектуалдық марафонына қатысқаны үшін Байболат Ләйла, Жанбыршин Жанболат және Алматұлы Мұхаммедәли сертификатпен марапатталды. 2015-2016 оқу жылында Байболат Ләйла «Қазақтың ақ бас сиыры» тақырыбымен Аудандық ғылыми жоба олимпиадасына қатысып, облысқа жолдама алды. 2016 жылы «Мәңгілік елдің ұлы мұраты» атты республикалық ғылыми жобалар байқауына қатысқаны үшін Байболат Ләйла Алғыс хатпен марапатталып, «Ата салтыңды аяла» атты тақырыптағы ғылыми жобамыз 15 томды кітапқа енгізілді.