Разиванова Айсара Тилеужановна
Достижения
Алматы облысы, Райымбек ауданы Қайнар орта мектебі
Еңбек өтілі 7 жыл. II сантты педагог
2013 жылы «Білім беру қызметкерлерінің кәсіби өсу-білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етудің шарты» тақырында Бірінші Республикалық педагогикалық оқуда III орынмен марапатталды. Алматы облыстық мамандар кәсібін дамыту институтынан облыстық «Үздік авторлық үйірме бағдарламасы» байқауында "Жаңашыл мұғалім" номинациясы бойынша көрсеткен өзіндік жаңашылдығы үшін мақтау қағазымен марапатталады. 2017 жылы аудандық «Денсаулық фестивалі-2017» денсаулық күніне байланысты өткізілген жарыста үздік өнер көрсеткені ұшін мақтау қағазымен марапатталады. Ustady онлайн тест орталығынан онлайн тестілеу технологиясын қолдануға арналған 1 семинарға қатысып сертификат алды. 2016 жылы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген ҚР-да орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде жалпы білім беру ұйымдары басшылары орынбасарларының біліктілігін арттыру курсын аяқтап, сертификат алды. 2014 жылы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы (3) үшінші деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курстарын аяқтады. 2017 жылы «Алматы облыстық білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Әдістемелік кабинеті» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолдану атты кітабына «Білімді ұрпақ болашағы –жаңашыл ұстаз қолында» атты мақаласы шықты. 2016 жылы Республикалық педагогикалық ғылыми әдістемелік журналға «бұршақ тұқымдастары» атты ашық сабағы жарияланды.