Сейсембаева Гүлжазира Оспанбековна

1882 место в рейтинге
  • Общий бал: 0
  • /
  • Проголосовало: 0

Достижения

Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы
Асанбай Асқаров атындағы мектеп

Жоғары санатты педагог

2013 жылы өз кәсібінің білікті,білімді маманы ретінде Оңтүстік Қазақстан облыстық «Құрмет» АВ қоғамдық қорының «Білім беру ісінің үздігі» медалімен марапатталды. 2014 жылы білім беру саласындағы көп жылдық еңбегім ескеріліп,жемісті еңбегім мен қоғамдық өмірге белсене араласқаным үшін Оңтүстік Қазақстан облыстық білім департаментінің марапатына ие болды. 2015 жылы Шымкент қаласы Абай атындағы облыстық кітапханада өткен сыншы,драматург Рымғали Нұрғалидың 75 жылдық мерейтойына орай өткен семинарға белсене қатысқаным үшін Мақтау қағазын иеленді. 2015 жылы аудандық «Үздік әдіскер» байқауына қатысып,жүлделі орыннан көрініп, аудандық білім бөлімінің ІІ дәрежелі Дипломымен марапатталды. 2016 жылы жалпы орта және кәсіптік білім беру ұйымдарының ,жоғары оқу орындары педагогтарының арасында өткен «Күз жауһары» тақырыбын- дағы республикалық интернет-байқаудың «Менің алтын өлкем» бөлімі бойынша қатысып, ІІ дәрежелі Диплом иегері атанды. 2016 жылы мұғалімдердің тамыз конференциясында жас ұрпаққа тәрбиелі де саналы білім бере білгенім үшін Түлкібас ауданының әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды. 2017 жылы «NIO» интернет олимиадасына қатысып,жүлделі І дәрежелі Диплом иегері болды. 2017 жылы «Просвещение» сайтының онлайн олимпиадасының І дәрежелі Диплом иегері атанды. 2018 жылы Qaztest.kz сайтында өткен республикалық А.Байтұрсынұлы атындағы қазақ тілі мен әдебиеті олимпиадасына оқушыларым қатысып, жүлделі орындардан көрінгені үшін алғыс хат иеленді. Шәкірттері аудандық пән олимпиадаларында, «Абай-Шәкәрім», «Мұқағали оқулары» байқауларында оқушылары жүлделі орындардан көрініп келеді.