Собалакова Баян Жұмашқызы
Достижения
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы №16 Саламат Мұқашев атындағы мектеп
Еңбек өтілі 24 жыл. Жоғары санатты педагог
2016 жылы Халықаралық «Great Work» компаниясының ұйымдастыруымен өткізілген педагогикалық қызметкерлердің байқауына қатысқаны үшін сертификат алды. 2016 жылы Информатика пәнінен Республикалық ұлттық олимпиадаға қатысып, сертификатқа ие болды. 2016 жылы«Педагогтардың БАҚ-пен жұмыс жасауы» тақырыбындағы ақпараттық республикалық тренинг курстан өткені үшін сертификат алды. 2017 жылы информатика пәнінен Республикалық Ұлттық Олимпиадаға қатысып, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. 2017 жылы Республикалық КИО олимпиадасынан математика пәні бойынша қатысып, сертификат алды. 2017 жылы «Өрлеу» БАҰО АҚ Қостанай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұйымдастыруымен өткізілген «Талантты балалармен жүргізілген жұмыс» сертификатталған мұғалімдерге арналған республикалық интернет-олимпиадасына қатысып, ІІ дәрежелі дипломға ие болды. 2014 жылы «Жаңа технология - жаңа жетістіктер қадамы» тақырыбында облыстық семинарда информатика пәнінен ашық сабақтарын көрсетіп, облыс мұғалімдерімен өз тәжірибесін бөлісті. 2014 жылы Облыстық білім басқармасының зерделеу комиссиясының құрамына мүше болып, облыс мектептерінің пән мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсетті. 2014 жылы Қалалық кабинет байқауына қатысып, І дәрежелі орынды иеленді. 2014 жылы Облыстық кабинет байқауына қатысып, ІІІ дәрежелі орынды иеленді. 2015 жылы Қалалық «Ең үздік сабақтар» байқауында І дәрежелі дипломмен марапатталды. 2014, 2015, 2016 жылдары Ш.Есенов атындағы Каспий Мемлекеттік Технологиялар және инжиниринг Университетінің Педагогикалық Технологиялар Институтының Мемлекеттік аттестация комиссиясының мүшесі болды. 2016 жылы Маңғыстау облыстық Азаматтық Альянстың ұйымдастыруымен өткізілген семинар-тренингке қатысқаны үшін сертификатқа ие болды.