Станова Гульжан Кереевна

433 место в рейтинге
  • Общий бал: 3
  • /
  • Проголосовало: 2

Достижения

Атырау облысы, Жылой ауданы, Құлсары қаласы «Қызғалдақ» ясли бақшасы

Еңбек өтілі 41 жыл

ҚР президентінің алғыс хатына ие болып, «Тәуелсіздікке 20 жыл» медалімен марапатталды. ҚР «Білім беру ісінің Құрметті қызметкері» атанды. 2015 жылы Сочи қаласында өткен халықаралық мектепке дейінгі ұйым қызметкерлерінің IV слетіне қатынасып «Мейірімді жүрек» төсбелгісі табысталды. «Жүрек жылуын балаларға береміз» жоба жұмысының лауреаты. 2016 жылы «Жылой ауданының Құрметті азаматы» атанды. 2016 жылы балабақша жетістіктері үшін балабақша меңгерушісі «Білікті маман» медалі, «Экономика мақтанышы» орденімен және «Өз саласының көшбасшысы» сертификатымен марапатталды. 2017 жылы аудандық «Үздік балабақша меңгерушісі» байқауына қатынасып жүлделі II дәрежелі дипломмен марапатталып, республикалық «Білім айнасы» газетінің редакциясы ұйымдастырған «Педагогтардың шығармашылық дағдыларын дамыту»тренигіне қатынасып сертификатқа ие болды. 2017 жылы «ҚР Білім және мәдениет саласындағы үздік қызметкерлердің «Алтын кітабы» атты республикалық жинаққа еніп сертификатқа ие болса, кәсіби саласында жеткен жетістіктері үшін «Үздік маман» төсбелгісімен марапатталды. 2017 жылы Қостанай қаласында өткен Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі «Мектепке дейінгі балалық шақ» Республикалық орталығы өткізген «Қазақстанда мектепке дейінгі білім берудің ғасырлық тарихи шежіресі» республикалық педагогикалық оқуға қатынасып сертификат иеленді. «Қазақстанда мектепке дейінгі білім берудің ғасырлық тарихи шежіресі» республикалық педагогикалық оқу жинағына енді. 2018 жыл Жылыой ауданы білім бөлімі «Құрмет грамотасымен» марапатталды.