Сулейменова Анар Кадирбаевна

1902 место в рейтинге
  • Общий бал: 0
  • /
  • Проголосовало: 0

Достижения

Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы
Әлихан Бөкейханов атындағы орта мектеп

Еңбек өтілі 18 жыл. Жоғары санатты педагог

2013 жылы шығармашылықпен айналысатын оқушылардың өлеңдері мен әңгімелері «Балғын жүрек жырлайды» атты кітап болып Алматы қаласындағы «Үш Қиян» баспасынан 500 дана болып басылып шығып, республика көлемінде таратылды. 2014 жылы НИШ Педагогикалық шеберлік орталығының Тараз қаласындағы филиалында « Оқыту мен оқу үрдісін жетілдіру мен дамытуға Iesson stude амалын қолдану» тақырыбында мазмұнды шеберлік сыныбын өткізгені үшін «Алғыс хат» иеленді. 2015 жылдан бері Қазақстан Республикасы Педагогикалық Ғылымдар Академиясының мүшесі. 2015 жылы «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер: мұғалімдердің іс-әрекеті және көзқарастар» облыстық ғылыми-тәжірибелік семинар жұмысында жоғары белсенділік танытқаны үшін «Алғыс хатпен» марапатталды. 2015 жылы «Үздік мектеп директорының орынбасары» І тәуелсіз қоғамдық байқауының жеңімпазы деп танылып дипломмен марапатталды. 2016 жылы Республикалық «Мектеп мерейі» байқауында белсенділік танытқаны үшін «Алғыс хатпен» марапатталды.
2016 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған «Мәңгілік елдің ұстаздары» атты Республикалық байқауда ерекше көзге түсіп белсенділік танытқаны үшін «Грамотамен» марапатталды. 2016 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына «Ғылым және қоғам» атты мұғалімдердің Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында жасаған баяндамасы үшін ІІ дәрежелі «Дипломмен» марапатталды. 2016 жылы «Заманауи педагогика және білім: проблемалар, мүмкіндіктер және даму болашағы» аттыХалықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысып, баяндама жасағаны үшін І дәрежелі дипломмен марапатталды және конференция материалдары жинағына баяндамасы енді. 2017 жылы «Uly dala ustazy» Республикалық жас ақындар байқауына оқушы дайындаған үшін «Алғыс хатпен» марапатталды. Аудандық, облыстық, республикалық көлемде өткізілген түрлі байқауларда жеңістерге жетіп, жүлделі көрсеткіштер көрсетіп жүрген шәкірттері бар.