Адамбекова Айгул Чапаевна
Достижения
Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр кенті, М.Мақатаев атындағы №13 орта мектеп
Еңбек өтілі 32 жыл. Жоғары санатты педагог.
Ғылыми-білім халықаралық интернет ресурсы «Ұлағатты ұстаз» атты І-республикалық оқытушылар конкурсында: Презентациялар және олардың білім беру процесінде ролі бағытында іс-тәжірибесімен бөлісіп, І-орын иеленді. Алматы облыстық мамандар кәсібін дамыту институтының ұйымдастыруымен өткізілген семинарда «Бастауышым-бастамам, Білім жолын бастаған» атты сыныптан тыс жұмыстарды көрсетті. Республикалық «Қазақстан патриоты» журналына «Мен елімнің ертеңімін» атты іс-тәжірибесі жарық көрді. Алматы облыстық мамандар кәсібін дамыту институтының қолдауымен «Бастауыш сыныптарда оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері» атты жинаққа «Ойын- адам өміртанымының алғашқы қадамы» атты мақаласы шықты. Халықаралық «VIDEOUROKI» жүлдегерлер дайындап «Алғыс» алды. «ActivInspier» бағдарламасы бойынша интерактивті тақтаның мүмкіндіктері» атты курсқа қатысып, интерактивті тақтамен жұмыс істеуді меңгерді. 2016 жыл Алматы қаласы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы Жаңартылған білім беру бағдарламасы 120 академиялық сағат көлемінде оқыту курсын оқыды. Халықаралық балалар байқауына дайындап, Дипломмен марапатталды. жеткіншіктердің білімін танымдық шығармашылық қабілеттерін дамытудағы жемісті еңбегі үшін Іле ауданы әкімінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды. Алматы облыстық ғылыми әдістемелік семинар «Педагогтармен ғылыми педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыру тақырыбында «Бастауыш сынып оқушыларының іс-әрекеттегі зерттеуін ұйымдастыру жолдары» іс-тәжірибесімен бөлісіп, «Құрмет грамотасымен» марапатталды. 2018 жыл Nio.kz олимпиадасына жүлдегерлер дайындап қатысқаны үшін "Алғыс" алды. Республикалық білім порталына әдістемелік материалдар және сабақ жоспарларын салып, әдістемелік тәжірибе алмасып, белсенділік танытқаны үшін «Құрмет грамотасымен» марапатталды. Шәкірттері халықаралық, республикалық, аудандық олимпиадалар мен ғылыми жобалар жеңімпаздары.