Тайпакова Гулфайраз Руовна

1922 место в рейтинге
  • Общий бал: 0
  • /
  • Проголосовало: 0

Достижения

Ақтөбе облысы, Темір ауданы Кеңкияқ музыка мектебі
Еңбек өтілі 28 жыл. І санатты педагог

2016 жылы жас ұрпаққа білім мен тәрбие берудегі белсенділігі, шәкірттерді ұштаудағы қол жеткізген жетістіктері үшін «Құрмет грамотасын» алды. Білім саласына сіңірген еңбегі үшін аудандық білім бөлімінің алғыс хатымен марапатталды. «Қосымша білім беру жүйесіндегі жаашылдықтың үлгісі» тақырыбындағыоблыстық семинарға қатысқаны үшін сертификат; 2014 жылы Ақтөбе қаласы Күйші Қазанғап Тілепбергенұлының 160 жылдығына арналған «Түркі халықтарының мәдени мұрасы»атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы сертификат; II Республикалық «Жадыра жас дарын» фестиваль-конкурсының «Алғыс хат» иегері. Республикалық «Жадыра жас дарын» фестиваль-конкурсына жүлдегер дайындағаны үшін диплом иегері. «Музыкалық білім берудегі теориялық пәндер» тақырыбындаұйымдастырылған облыстық семинар –практикум өз білімін көтергені үшін сертификат алды. «Мемлекеттік сатып алу сұрақтарын реттейтін заңның 2016 жылғы өзгерістері мен толықтыруларын қамтитын тәжірбиелік аспектілері» тақырыбындағы курстан өтті. ҚР Білім және ғылым министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығында өз біліктілігін арттыру курсын бітірді. «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы барысында демеушілік көрсеткені үшін «Алғыс хат» иегері. Ә.Байжанбаев атындағы сыйлықтың иегері. 2017 жылы Алматы қаласы «Мектеп ұстаздарының әлемі» республикалық педагогикалық журналынан Бас редакторның «Құрмет грамотасын» алды. «Болезнь куклы» тақырыбындағы сабақ жоспары «Мектеп ұстаздарының әлемі» республикалық педагогикалық басылымының сайтында жарияланды. Оқушылары республикалық, халықаралық өнер байқауларының жеңімпазы.