ТӘУЕКЕЛОВА ГУЛБАНУ ҚОНЫСБАЙҚЫЗЫ

1941 место в рейтинге
  • Общий бал: 0
  • /
  • Проголосовало: 0
  • Стаж работы: 1 лет

Достижения

Алматы қаласы №57 жалпы білім беретін мектеп
Еңбек өтілі 15 жыл. Жоғары санатты педагог

2015 жылы «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісінің иегері. Республикалық «Жылдың үздік 100 мұғалімі-2015 жыл» конкурсының жеңімпазы. «Үздік педагог-2016 жыл» қалалық байқауының ІІ орын иеленді. «Жыл адамы-2015» дипломының иегері- 2016жыл. «Шығармашыл –тәжірибелі ұстаз-2016 жыл» төсбелгісінің иегері. Қалалық «Үздік педагог» байқауының ІІ орынды жүлдегері. Қалалық «Преподаватель-иноватор 2016 жыл» байқауының жеңімпазы және төсбелгісінің иегері. Қалалық «Тіл-тұнық ойдың кәусары-2016ж» байқауының ІІ орын иегері. Қалалық «Тіл мерейі-2017» байқауының ІІ орын жүлдегері. Кәсіптік техникалық оқу орындарының оқушыларына арналған «Қазақ әдебиеті» және «Қазақ тілі» пәніне арналған оқу-құралдарының авторы. Қалалық, республикалық, халықаралық басылымдар мен ғылыми-тәжірибелік конференциялаға үздіксіз қатысып, іс-тәжірибесімен бөлісіп отырады. Жүзге жуық мақаланың авторы. Алматы қаласы Жетісу аудандық қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне құрылған «Шамшырақ» қоғамдастығының жетекшісі. 2016 жылы маусым Ұлттық тестілеу орталығы ұйымдастырған Министрлік өкілдері ретінде өңірлік ұлттық тестілеу жұмыстарында сарапшы. 2017 жылы Жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқулықтарды талқылау бойынша өткізілген республикалық сараптама жұмысына қатысушы. ҚР Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды, 2017 жыл. Қалалық пән олимпиадасына жүлдегер дайындағаны үшін Білім басқармасының және Республикалық «Зерде» ғылыми жоба байқауына жеңімпаз дайындағаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.