Толемисова Кульпаш Байгулжановна

1965 место в рейтинге
  • Общий бал: 0
  • /
  • Проголосовало: 0

Достижения

Жамбыл облысы, Шу қаласы «Арайлым» балалар бақшасы
Еңбек өтілі 38 жыл . Жоғары санатты педагог
2017 жылы ҚР Тұңғыш Президенті –Елбасы Қорының балабақша әдіскерлерінің педагогикалық шеберлігін және кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған І Республикалық «Үздік балабақша әдіскері» байқауында «Үздік әдіскер» төсбелгісімен марапатталды. 2015 жылы Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай аудандық «Жерұйық» экологиялық орталы-ғының ұйымдастыруымен өткен акцияда ересектер тобы балаларымен өзін-өзі тану пәні мұғалімі «Табиғат әлеміне саяхат» тақырыбына өткізген сабағы үшін дипломмен марапатталып, сабағы теледидардан көрсетіліп, іс-тәжірибесі республика көлеміне тарады. 2016 жылы Балаларға білім мен тәрбие беруде ұзақ жылдар бойы сіңірген еңбегі үшін аудандық білім бөлімінің дипломымен марапатталды. 2015 жылы Жамбыл облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты ұйымдастырған «Білім беру қызметкерлерінің кәсіби өсуі-білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етудің шарты» атты І Республикалық педагогикалық оқулардың облыстық кезеңіне қатысып сертификат алды. 2015 жылы Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу әдістемелік кабинеті ұйымдастырып өткізген облыстық «Баланың жасында көргені-бүкіл өміріне азық болады» тақырыбындағы педагогикалық оқуларына қатысып ІІ орынға ие болып, дипломмен марапатталды. 2016 жылы «Тәрбиеші тәлімі» облыстық педагогикалық журналда «Астана атына сай балабақша» тақырыбына мақаласы жарияланып, сертификат алды, іс тәжірибесі облыс көлеміне тарады. 2015 жылы Республикалық «Тәрбиеші болу –бақыт» байқауында ІІ орын, 2015 жылы «Жас педагогтардың панорамалық сабағы» атты ІІІ Республикалық байқауында І орын дипломымен марапатталды.