Тулеуова Женискуль Рахимовна
Достижения
Астана қаласы, Қазақ ұлтық өнер университетінің дарынды балаларға арналған мектебі
Жалпы еңбек өтілі 29 жыл. Жоғары санатты педагог
2012 оқу жылынан бастап Қазақ ұлттық өнер университетінде бастауыш сынып мұғалімі қызметін атқаруда. Өз мамандығын жетік меңгерген, білімді, шығармашыл, ізденімпаз ұстаздың бірі. «Орыс тілі сабағында ойын арқылы оқушылардың танымдық қызығушылықты дамыту» тақырыбында жұмысын қорытындылай келе, «Орыс тілі пәннен бастауыш сынып оқушыларына арналған оқыту ойындары» әдістемелік құрал баспаға шығарды. 2012 жылдан бастап 2015 жылға дейін «Оқытудың интерактивті әдістерін пайдалану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту», «Бастауыш сынып оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» курстарынан өтті. Математика, орыс тілі және әдебиет пәндері бойынша халықаралық олимпиадаға қатысқан жеңімпаздарды үшін алғыс хат және куәлік алды. 2015 жылы Алматы қаласында «Ұстаздық еткен жалықпас» Республикалық байқауында дара шығармашылығымен айшықталған І дәрежелі дипломға ие болды. 2015 жылы Могилев қаласында өткен халықаралық олимпиадада математика, орыс тілі, әдебиет пәндер бойынша алғыс хат жарияланып және куәлік берілді, 2015 жылы Алматы қаласында өткен «Педагогика.kz» орталығының үздік сабақ жоспары үшін алғыс хатпен марапатталды, 2014 жылы Семей қаласында өткен Республикалық «Білім және Ғылым» шығармашылық фестивалінде 1 дәрежелі дипломмен марапатталды, 2011 жылы Астана қаласының Білім Басқармасының алғыс хатымен марапатталды. Оқушылары аудандық, облыстық, республикалық деңгейдегі зияткерлік сайыстар мен қашықтық олимпиадаларының жүлдегері.