Айтмұханова Арайлым Қорғанбайқызы
Достижения
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Боранқұл ауылы
Боранқұл орта мектебінің 11-сынып оқушысы
Оқу озаты. Мектептегі үлгілі оқушылардың бірі. Ол бірнеше жыл қатарынан аудандық олимпиадалар мен байқауларға және республикалық сырттай қашықтық байқаулар мен сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүрген оқушы. 2017-2018 оқу жылы жалпы білім беретін пәндер бойынша 8-11 сынып оқушыларының республикалық пәндік олимпиадасының аудандық кезеңінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен «Ерекше жетістікке жеткені үшін» грамотасымен марапатталды. Осы оқу жылында Республикалық «IQ»-Интелектті дамыту орталығының 2018 жылдың қаңтар айында ұйымдастырған «Арман керек адамға» атты білімділер байқауында рухани жаңғырудың үздік үлгісін үздік туындылар арқылы көрсеткені үшін ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. «Мұқағали Мақатаев оқулары» байқауының аудандық кезеңінде ІІІ дәрежелі диплом иеленсе, «Әбіш оқулары» аудандық байқауында «Сахналық қойылым» бөлімі бойынша ІІІ дәрежелі диплом иеленді. Қазақ тілі пәні бойынша республикалық қашықтық олимпиадасына қатысқаны үшін Арайлым «қала/аудан үздік нәтиже» сертификатына ие болды.