Ауесбаева Майра Абдракимовна
Достижения
Алматы облысы, Панфилов ауданы Жаркент қаласы А.В.Луначарский атындағы орта мектеп-гимназиясы
Еңбек өтілі 24 жыл. Жоғары санатты педагог
2015 жылы «Қазақстан Республикасының білім беру үздігі», «Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген мұғалімі» Жаркент жеріне есімі белгілі ұстаз Жақсыбай Исаев Исаұлына арналған «Өмір өткелдері» еңбегі жарық көрді. 2016 жылы 20 қыркүйекте Халықаралық оқытушылар сайысында серификатпен марапатталды. 2016 жылы жоғары біліктілігі мен кәсіби шеберлігін еліміздің болашағы жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге арналған табысты еңбегін үшін облыстық құрмет грамотасымен марапатталды. 2016 жылы қашықтық «Үздік авторлық мақала» халықаралық оқытушылар конкурсына қатысып, дипломмен марапатталды. 2017 жылы Талдықорған қаласындағы ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2016-2017 оқу жылында үздіксіз ағымда «Сабақты зерттеу» тәжірибесін тарату мақсатында өткізілген облыстық оқыту семинарына қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды. 2017 жылы «Білім беру жүйесін жаңарту жағдайында мектеп пен ЖОО ынтымақтастығын нығайту» оқу семинарына қатысып, сертификатпен марапатталды. 2017 жылы Республикалық «Білім шыңы-Ғылым сыры» журналына «Жоңғар шапқыншылығы» тақырыбындағы ашық сабақ үлгісін жариялағаным үшін сертификат және грамотамен марапатталды. 2017 жылы 20 қыркүйекте «Педагогтардың БАҚ-пен жұмыс жасауы» тақырыбындағы ақпараттық республикалық тренинг курсынан өткені үшін сертификатпен марапатталды. 2017 жылы 25 қазан айында «Әлкей Хақанұлы Марғұлан» атындағы Қазақстан тарихы пәнінен Республикалық олимпиадаға қатысып, І орын дипломмен марапатталды. 2017 жылы қазан айында мерзімді баспасөз басылымы ұйымдастырып отырған білім беру жүйесіндегі іс-шараларға қосқан үлесі мен шығармашылық табыстары үшін грамотамен марапатталды. 2017 жылы 20 желтоқсанда Ақтөбе қаласында Халықаралық педагогика және инновациялық технологиялар ғылым академиясы кеңесінің шешімі «Маман мақтанышы» медалімен марапатталды.