Батыргалиева Айгулим Габитовна
Достижения
Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернаты
Еңбек өтілі 28 жыл. Жоғары санатты педагог
2013 жылы Ақтөбе облыстық ғылыми-әдістемелік орталығынан «Заңды білу заман талабы» құқық негіздерінен сабақтар жинағы; 2013 жылы Ақтөбе облыстық ғылыми - әдістемелік орталығынан «Қоғамдық білімдері негіздері пәні бойынша дидактикалық материалдар» жинағы жарық көрді. «Дарынды және талантты оқушылардың көшбасшылығы» және «Оқу-тәрбие үдерісінде АКТ-ны тиімді қолдану» тақырыбында «Өрлеу»БАҰО АҚ филиалы АОБПҚБАИ орталығынан әдістемелік құрал авторы, 2014 жыл. Республикалық «Ұстаз» газетіне «Патриотизм - көпұлтты және көпконфессиялы қоғам табысының негізі» атты баяндамасы жарық көрді. Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы «Мұғалімнің инновациялық қызметі – білім беруді дамытудың негізі» тақырыбындағы облыстық форумға «Білікті ұстаз - ел болашағының алтын кілті» мақалалары шыққан. НЗМ тәжірибесін білім беру жүйесіне тарату мақсатында шығарылған «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Педагогтар НЗМ идеяларын тасымалдаушылар - облыстың таңдаулы мұғалімдері» энциклопедиясына шығармашыл педагог ретінде, 2016-2017 оқу жылында Ақтөбе облысы дарынды балаларының құрмет «АЛТЫН КІТАБЫНА» шығармашыл ұстаз ретінде енгізілді. Түрлі республикалық, халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға қатысты. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды. 2016-2017 оқу жылында жалпы білім беретін республикалық сайыста ғылыми-жетекшілік жасап, ІІ орын алған оқушысын тыңғылықты даярлағаны үшін және 2016-2017 жылы Тараз қаласында өткен Қазақстан Білім олимпиадасының (ҚБО) республикалық кезеңінде І орын алған оқушысын даярлағаны үшін «Білім-инновация» Халықаралық қоғамдық қорының президентінің Алғыс хатымен марапатталды.