Глухенко Елена Владимировна
Достижения
ОҚО, Созақ ауданы, Қыземшек кенті «Самал» бөбекжай – балабақшасы МКҚК
Еңбек өтілі 38 жыл. І санатты педагог
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігінің алғысымен марапатталған. ОҚО-ның білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасы. 2015 жылы «Мектепке дейінгі жастағы баланың қиялын дамытуда ТРИЗ элементтерін пайдалану» тақырыбында аймақтық семинарда кәсіби шеберлік пен шығармашылық танытқан еселі еңбегі үшін мадақтамамен марапатталған, 2016 жылы Созақ ауданы, Қыземшек кенті әкімінің алғыс хатымен марапатталған. 2015 жылы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі «Магистр kz» Республикалық Ғылыми – Педагогикалық журналының «Креативті үлгідегі сабақтар»тақырыбында қашықтан өткен республикалық семинар – тренингке қатысқаны үшін грамотамен марапатталған. 2013 жылы ҚР білім және ғылым министірлігі «Баламалы білім» шығармашылық ұстаздардың ақпаратты – әдістемелік орталығының «Мектепке дейінгі білім: қоршаған ортаны зерттеу арқылы баланың сенсорикалық дағдыларын дамыту» тақырыбында семинарға қатысқаны үшін; 2013 жылы ҚР білім және ғылым министірлігі. «Баламалы білім» шығармашылық ұстаздардың ақпаратты – әдістемелік орталығының «Мектепке дейінгі білім: жаңаша оқыту мен дамытудың философиясы және әдістері» тақырыбында семинарға қатысқаны үшін сертификат берілген. 2017 жылы Созақ ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Тілдерді дамыту орталығы» КММ ағылшын тілінің бастауыш деңгейін толық меңгергендігін растау үшін сертификат берілді. 2016 жылы ОҚО, Мектепке дейінгі білімдегі жаңа технологиялар орталығының «2016 – 2017 оқу жылында мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңартылған мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мен бағдарламаларын іске асырудың негізгі бағыттары» тақырыбында семинарға қатысқаны үшін сертификаттармен марапатталған.