Даулеткереева Гульнар Байтанатовна
Достижения
Атырау облысы, Жылой ауданы, Құлсары қаласы КМҚК «Қызғалдақ» ясли бақшасы
Еңбек өтілі 37 жыл. Жоғары санатты педагог
2017 жылы «ҚР Білім және мәдениет саласындағы үздік қызметкерлердің «Алтын кітабы» атты республикалық жинаққа еніп сертификатқа ие болса, кәсіби саласында жеткен жетістіктері үшін «Үздік маман» төсбелгісімен марапатталды. 2013 жылы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесі педагогтарының» «Жүрек жылуын балаларға береміз» I-ші Қазақстандық шараға қатынасып Алғыс хатпен мараппаталды, іс-тәжірибесі таратылды. Шеберлік сыныбын өткізді. 2014 жылы Атырау қаласында өткен « Ұлттық құндылық негізінде білім берудің педагогикалық аспектілері»атты республикалық конференция жұмысына қатынасты және мақаласы конференция жинағына жарияланды, сертификат иеленді. «Мұғалімнің құзыреттілігін дамыту- білім берудің сапасын жақсартудың негізі» XV- Аудандық педагогикалық оқуға қатынасып I орын, облыстық педагогикалық оқудан II орын иеленді.2014ж Москва қаласында өткен «Формула-2014» I халықаралық педагогтардың шеберлік конкурсына қатынасып марапатталды.