Дюсембекова Бақыт Отаншықызы
Достижения
Алматы қаласы Әуезов ауданы №104 жалпы білім беретін мектеп
Еңбек өтілі 25 жыл. Жоғары санатты педагог
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігінің Құрмет грамотасының иегері. 2015 жылы Республика педагогтарының кәсіби біліктігін арттыруға және жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі зор еңбегі үшін «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтының Алғыс хатымен марапатталды. 2015 жылы Республикалық ғылыми-әдістемелік, педагогикалық «Білім шыңы» редакциясының «Білім шыңы» төсбелгісімен марапатталды. 2016 жылы «Балалар Интеллектуалдық Клубы» жобасы бойынша орыс тілі пәнінен Халықаралық Монопәндік Жарысына оқушыларды дайындағаны үшін Алғыс хатпен марапатталды. 2016 жылы аудандық семинарда орыс тілі пәнінен ҰБТ дайындау іс тәжірибесі таратылды. 2017 жылы аудандық семинарда «Қыз – елдің көркі бағдарлама» аясында іс тәжірибесі таратылды. 2017 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Алматы қаласының Білім саласындағы бақылау департаментінің мемлекеттік аттестаттау комиссиясының мүшесі. Республикалық ғылыми-әдістемелік, педагогикалық «www.bilimshini.kz» веб-порталы жариялаған «Білікті ұстаз» байқауының жеңімпазы. 2016 жылы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген «Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы бойынша 80 академиялық сағат көлеміндегі мектеп тренерлерін оқыту курсын аяқтады. 2017 жылы «АИТВ инфекциясының мәселелері және оның алдын алу» тақырыбы бойынша өткізілген 6 сағаттық семинар-тренингке қатысқаны үшін сертификат берілді. 2017 жылы Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілді мектептердегі «Орыс тілі мен әдебиеті» пәні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 160 академиялық сағат көлемінде оқу курсын аяқтады. 2017 жылы Media Net Халықаралық журналистика орталығы жанындағы «Ғаламтор Сіз үшін/Internet4U» әлеуметтік жобасы аясында компьютер және интернет сауаттылықты арттыруға арналған курсты бітірді.