Достлеуова Лаззат Биекеновна

1056 место в рейтинге
  • Общий бал: 0
  • /
  • Проголосовало: 0

Достижения

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Боранқұл селосы «Опорный орта мектебі» КММ

Еңбек өтілі 26 жыл, біліктілік санаты жоғары



2015 жылы Республикалық мұғалімдердің қашықтық олимпиадасына физика пәнінен қатысып «аудан бойынша үздік нәтиже» №616493 сертификатымен марапатталды.
2016 жылы Бейнеу ауданының білім беру саласының дамуына және жас ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін Бейнеу таудандық «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
2016 жылы Ұлттық Интернет Олимпиадасына қатысып, І дәрежелі Дипломмен марапатталды.
2017 жылы Берекелі елдігіміз бен бірлігіміздің нығаюына және өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие берудегі қосқан еңбегі үшін Маңғыстау облысының білім басқармасының «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
2017 жылы Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің орта білім мазмұнын жаңарту шеңберіндегі курстан өтіп Сертификатпен марапатталды.
2018 жылы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Атырау қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығының «Жаңартылған білім беру мазмұнындағы критериалды бағалау» тақырыбында оқу семинарынан өтіп Сертификатпен марапатталды.
Мемлекеттік ҰБТ - ға қатысып, жоғары ұпай жинап, грант иегері болған оқушылары: 2014 жылы Е.Ғиниятов, 2015 жылы Г.Құспан, 2016 жылы Н.Түлкібаева.
Шәкіртсіз ұстаз тұл демекші, ұлағатты ұстаз – Лаззаттан сапалы білім, тәлім – тәрбие алған шәкірттері: А.Өмірзақова, Д.Исаева, Ф.Қамысбаева, Г.Изимова, А.Балжігітова, М. Жалғасова бүгінде ұстаз жолын қуған І және ІІ санатты мұғалімдер. Шәкірті Өмірзақова Анар Маңғыстау облыстық марапаттауларға ие болған І санатты ұстаз.
Республикалық ғылыми жобалар мен пәндік олимпиадалардағы шәкірттерінің жетістіктері 2013 жылы оқушысы Айтжанов Рамазан «Ғылым әлемін ашамыз» ғарыштық зерттеулер бойынша ІХ халықаралық ғылыми жарыстардың аймақтық кезеңінде астрофизика және Ғаламдық эволюция секциясы бойынша Маңғыстау облысы білім басқармасының ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталды.
2013 жылы оқушылары Ж.Рабаева, А.Машырықова, А.Амангелдин, А.Құспан,Т.Аюп Астанада өткен халықаралық «Виртуальная лаборатория по физике» интернет - ойынына қатысып, Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми - практикалық орталығының сертификатымен марапатталды.
2013 жылы оқушылары Т.Ғиниятова мен Қ.Бөкенбаева – «Финалист олимпиады по математике и физике АО Интергаз. Центральная Азия» - Ағарту, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының дипломымен марапатталды.
2013 жылы оқушылары «Ақбота» интеллектуалдық марафонында ІІ орын алғаны үшін А.Құспан және ІІІ орын алғаны үшін Ж.Рабаева, Г.Жұмалиева 2017 жылы 9 сынып оқушысы Г.Кенесариева ІІ орын алғаны үшін Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми - практикалық орталығының дипломымен марапатталды.
2013 – 2014 оқу жылында 9 сынып оқушылары Н.Бисенов, А.Жанғожина және 2016 - 2017 оқу жылында 10 сынып оқушысы И.Ғиниятова мен 8 сынып оқушысы А.Асқарова Маңғыстау облыстық білім басқармасының «Дарын» орталығының сырттай оқыту олимпиадасының резерв мектебінің бірнеше кезеңдеріне қатысты;
2013 – 2014 оқу жылында 11 сынып оқушысы А.Амангелдин, 2015 - 2016 оқу жылында 11 сынып оқушысы Н.Түлкібаева және 2017-2018 оқу жылында 11 сынып оқушысы А.Кенесариев облыста өткен Өңірлік Президенттік олимпиадасына қатысып, Дипломмен марапатталды.
2014 жылы оқушысы А.Машырықова және 2016 - 2017 жылы
И. Ғиниятова физика пәні бойынша пәндік олимпиадалардан жүлделі орындар алып және республикалық қашықтық олимпиадасына қатысып, ерекше жетістікке жеткені үшін Қазақстан Республикасының «Қазақстанның үміт артарлары» жинағына енді;
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 8 – 11 сынып оқушыларының республикалық пәндік олимпиадасының аудандық кезеңінде физика пәні бойынша 2014 жылы 11 сынып оқушысы А.Машырықова ІІІ дәрежелі дипломмен, 2015 жылы 8 сынып оқушысы А.Шаппабекқызы ІІ дәрежелі дипломмен, 2016 жылы 8 сынып оқушысы А.Асқарова ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
2016 жылы 7 сынып оқушысы А.Шаппабекқызы мен 9 сынып оқушысы И.Ғиниятова республикалық қашықтық олимпиадасына қатысып, Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми - практикалық орталығының сертификатымен марапатталды.
2016 жылы 7 сынып оқушылары физикадан өткен Ұлттық Интернет Олимпиадасына қатысып, Шаяхметова Шұғыла Ұлттық Интернет Олимпиадасының І дәрежелі дипломымен, Бисенов Самғат пен Акболатұлы Махамбет Ұлттық Интернет Олимпиадасының ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталды. Физикадан өткен осы Ұлттық Интернет Олимпиадасына 7 - 11 сынып оқушыларының арасынан қатысқан он бір оқушысыда Ұлттық Интернет Олимпиадасының сертификатымен марапатталды.
2013 жылы www Ustаz.kz сайтына 9 сыныпқа өткізген «Резерфорд тәжірибесі. Атомның планетарлық моделі. Атом ядросының құрамы» атты шығармашылық сабағы шықты;
2014 жылы «Шәкірт жүрегінен жол тапқан ұстаз. ҚР Білім беру жүйесінің үздік қызметкерлері» атты республикалық жинағына шықты;
2014 жылы Бейнеу аудандық қоғамдық – саяси «Рауан» газетіне «Апталықтың ұйымдастырылуы» атты мақаласы жарияланды.
2017 жыл Жалпыұлттық Республикалық «Егемен Қазақстан» газетіне «Үш тіл білгеннен ұтылмасымыз анық» атты мақаласы жарық көрді.
2017 жылы Бейнеу аудандық қоғамдық – саяси «Рауан» газетіне «Сайыс тартысты өтті» атты мақаласы жарияланды.