Жеткизгенова Кунжаксы Таубаевна
Достижения
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы «Бейнеу гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Еңбек өтілі 21 жыл, жоғары біліктілік санатты педагог
ЖеткизгеноваКунжаксыТаубаевна 1997 жылы Ш. Есенов атындағы Ақтау университетінің физика-математика факультетін физика пәні мұғалімі мамандығы бойынша аяқтап, 1999 жылы РЦ НТО шешімімен бастауыш және жоғарғы сынып оқушыларына ИжЕТН оқытуға рұқсат етілген күәлік берілді. «Бейнеу гимназиясы» мемлекеттік мекемесінде физика және информатика пәндерінің мұғалімі болып қабылданып,, қазіргі таңда информатика пәні мұғалімі болып еңбек етіп келеді. Осы уақыт аралығында өз пәнінің теориясын жетік меңгерген маман оқушыларға ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қыр-сырын үйретіп, жеткіншектердің шығармашылық қабілетін шыңдау үшін жұмыстанып келеді. Оқушының шығармашылық қабілетін шыңдап, ақпараттық сауаттылығын дамыту мақсатында мұғалім өзі сабақ беретін сыныптарға арналған «Интернет технологиялары», «Паскаль бағдарламалау тілі» атты электронды оқу құралдарын жасақтады.
2007 жылы «Интернет технологиялары» электронды оқу құралы аудан көлемінде таратылса, 2012 жылы аталмыш оқу құралы республикалық тамыз кеңесінде ұйымдастырылған көрмесіне жолданды.
2012 жылы физика пәні мұғалімдерінің аудандық семинарында «Web-беттер арқылы электронды құжаттар жасау» баяндамасын оқып, 2013 жылы аталмыш тақырыппен іс-тәжірибесі аудан көлемінде таратылды.
Мұғалімнің 2013 жылы физика пәні мұғалімдерінің аудандық семинарында «Физика пәні бойынша электронды оқулық жасаудың әдіс-тәсілдері», информатика пәні мұғалімдерінің аудандық семинарында «Информатика сабағында Кембридж тәсілін қолдану ерекшеліктері», 2014 жылы «Қазіргі заманның талаптарына сай білім беру саласына әдіс-тәсілдер енгізу – әр мұғалімнің міндеті» атты аудандық рефлексия-семинарында «Топтық жұмыста АКТ пайдалану жолдары» баяндамаларын оқып, 2016 жылы «Сындарлы оқыту үдерісі – оқушы жетістіктерін өрістетудің маңызды факторы» атты аудандық рефлексия-семинарында «Интернет ресурстарына қолжетімділік. Интернет қызметтер», 2017 жылы «Критериалды бағалау оқушының компьютерлік сауаттылығын анықтау» тақырыбындағы информатика пәні мұғалімдерінің аудандық семинарында 9-сыныпта «Қайталау саны белгісіз операторлар» және 8-сыныпта «Циклдарды ұйымдастыру» тақырыбында ашық сабақтарын көрсетті. 2017 жылы «PISA, TIMSS, PIRLS, ICILS, TALIS халықаралық зерттеулері және оқушылардың функционалдық сауаттылығы» тақырыбындағы аудандық семинарда «ICILS халықаралық зерттеуі аясында оқушының компьютерлік сауаттылығын дамыту жолдары» баяндамасын таныстырды, 2017 жылы мамыр айында «Оқушының білім сапасын критериалды бағалау арқылы жетілдіру» атты аудандық рефлексия-семинарында 5-сыныпқа «Файлдармен және бумалармен жұмыс» тақырыбындағы сабағын білім мазмұнын жаңарту бағдарламасы негізінде жүргізді.
ЖеткизгеноваКунжаксыТаубаевна аудандық, облыстық, республикалық сайыстарға қатысып, жүлделі орындарды иеленді.
2009 жылы информатика пәні мұғалімдерінің «Алтын диск» облыстық байқауында бас жүлде, республикада «Қайтпас мұғалім» номинациясын иеленді;
2009 жылы «Жыл мұғалімі» аудандық конкурсында физика пәні мұғалімі ретінде 3-орын;
2009 жылы республикалық «Жастар және ІТ технологиялар» форумында «Ең үздік инновациялық идея» номинанты болып атанды;
2010 жылы жаратылыстану кабинеттерінің облыстық байқауында физика кабинетінің жетекшісі ретінде «Ең таңдаулы кабинет» номинациясын;
2013 жылы «Үздік информатика кабинеті» сырттай байқауының аудандық және облыстық кезеңінде 1-орын, 2017 жылы облыстық кезеңінде 3-орын иеленді;
2014 жылы Білім беру қызметкерлерінің педагогикалық оқулары байқауының «Шығармашылық жұмыстар» бөлімі бойынша ауданда 2-орын, облыста 1-орынды иеленді;
2018 жылы «Үздік педагог-2018» сырттай байқауында ауданда І орынды иеленіп, облыста
Жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі табыстары, шәкірттерінің жоғары көрсеткіштерге жеткені үшін КунжаксыЖеткизгенова 2004-2009 жылдары мектеп әкімшілігінің алғыс хаттарымен, 2006 жылы Аудандық білім бөлімінің Құрмет Грамотасымен, 2010 жылы Облыс әкімінің Алғыс хатымен, 2015 жылы Аудандық білім бөлімінің алғыс хатымен марапатталды.
Шәкірттерінің жетістіктері:
2008-2016, 2018 оқу жылдарында өткен аудандық пәндік олимпиадаларда информатика пәнінен оқушылары жүлделі І орындарды иеленді; 2013, 2014 жылдары облыстық пәндік олимпиадада шәкірттері ынталандыру иеленді, 2015 жылы 7-8 сыныптар арасында жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша өткен І олимпиадасында 8-сынып оқушысы Н. Өмірбекова ауданда 1-орын, облыста 2-орын, 2018 жылы 8-сынып оқушысы М. Шадиярқызы ауданда 2-орын.
2015 жылы 1-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының «Зерде» конкурсында 4-сынып оқушылары А. Нуруллаева және А. Джаулыева аудандық және облыстық кезеңінде 1-орын, республикада 3-орын иеленді.
2018 жылы аудандық «Инфоман» турнирінде 10-сынып оқушылары П.Есенова, А.Жарас және Б. Тұрғанбай І орынды, облыста ІІІ орынды иеленді.
2018 жылы қашықтық олимпиадаларда 6 «А» сынып оқушысы Ирланқызы Ақжан ІІ орынды, 8 «Ә» сынып оқушысы Шадиярқызы Мадина ынталандыру, 7 «А» сынып оқушылары АминоваАмина, Орынбасар Шұғыла, Есімхан Ұлар І орынды, 5 «Ә» сынып оқушысы Серікова Шұғыла І орындарды иеленді.