Тастенова Алия Бейбитжановна

65 место в рейтинге
  • Общий бал: 3,77
  • /
  • Проголосовало: 70
  • ШҚО, Ұлан ауданы, Айыртау ауылы
  • "Гагарин атындағы орта мектеп" КММ
  • Стаж работы: более 5 лет

Достижения

2018 жылы тамыз айында Өскемен қ. «Педагогикалық шеберлік орталығының» Қазақстан Республиасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пәндері бойынша педагогикалық кадрлардың біліктілікті арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 120 академиялық сағат көлемінде оқыту курсынан өтіп сертификат алдым. 2018 жылы қараша айында өткен «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен бастауы сынып мұғалімдеріне арналған республикалық «ПедСтарт» қашықтық олимпиадасының 3 дәрежелі дипломмен марапатталдым. 2018 жылы Алматы қаласында мұғалімдер арасында өткен Республикалық «Ең үздік ұстаз» фотобайқауына қатысып, 3 дәрежелі дипломмен, қатысушы сертификатымен марапатталдым. 2018 жылы Qaztest.kz сайтында педагог мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында өткен 1 Респбликалық «Үздік педагог» педагогиа олимпиадасында жоғары нәтиже көрсеткені үшін 3 дәрежелі дипломмен, қатысушы сертификатымен марапатталдым. 2018 жылы Халықаралық «Bilge» орталығының ұйымдастыруымен «Жылдам оқу» курсын меңгеріп, оқушыларды оқытуға құқылы екендігін растайтын сертификат алдым. 2018 жылы мамыр айында оқушылардың «Ғылыми жоба» қорғау, шығармашылық зерттеу жұмыстарының аудандық кезеңінде 4 а сынып оқушысы Тастенова Дания «Гигиеналық қаға және сабақта қолдану тәсілдері» тақырыбында қатысып, 2 орынға ие болып, қатысушы сертификатымен марапатталды. 2018-2019 оқу жылында «Пони» Халықаралық байқауында Берікбол Айзере, Жангелді Елдос жүлдегер атанып, диплом алдым. 2018-2019 оқу жылында оқушылардың «Ғылыми жоба» қорғау, шығармашылық зерттеу жұмыстарының аудандық кезеңінде «Көше әдебиеті немесе рэп» тақырыбында қатысып, 6 а сынып оқушысы Муратова Адема 3 орынға ие болып, қатысушы сертификатымен марапатталды. 2018-2019 оқу жылында Халықаралық «Bilge» орталығының ұйымдастыруымен «Bilgen Baige» олимпиадасында аудандық кезеңінде Тұрысбек Ернар 1 дәрежелі, Серік Досбол, Талғатқызы Еркежан, Қобыландықызы Аяжан, Бақытқан Мәуе 2 дәрежелі дипломмен марапатталды. Облыстық кезеңінде Тұрысбек Ернар, Серік Досбол, Бақытқан Мәуе 3 дәрежелі дипломмен марапатталды. ІІ Республикалық кезеңінде Серік Досбол «Ақылды» атанып, 3 орынға ие болды. Білім беру саласын дамыту мен жас ұрпақтың шығармашылық қабілеттерін шыңдау және ғылыми ізденіске құлшынысын арттырғаны үшін «Құрмет грамотасы» мен алғыс хатпен мараппатталдым. 2018-2019 оқу жылында мамыр айында «Сауат ашу» пәні бойынша 1 сынып оқушылары арасында өткен «Барыс-2019» республикалық олимпиадасында Бақытқан Мәуе, Бауыржанұлы Батыржан, Берікбол Айзере, Жандосұлы Жігер, Қобыландықызы Аяжан, Қуандыққызы Айару, Тұрысбек Ернар 1 дәрежелі дипломмен; Бақытбеқызы Әмина, Жарданова Тамирис, Қадырбек Қайсар, Серік Досбол 2 дәрежелі дипломмен; Альманат Бекзат, Талғатқызы Еркежан 3 дәрежелі дипломмен марапатталып, алғыс хат алдым. 2019-2020 оқу жылы Өскемен қаласында өткен «Nur Alem»1 Халықаралық көпжанрлы конкурс-фестивальда «Абайға-175 жыл!» тақырыбында Серік Досбол 1 дәрежелі; Қобыландықызы Аяжан, Қуандыққызы Айару 2 дәрежелі дипломдармен марапатталды. Шығармашылық тұлғаны дамытқаны үшін алғыс хатпен марапатталдым. 2019-2020 оқу жылы «Сова» Халықаралық интеллектуалдық білім орталығының ұйымдастыруымен ІI халықаралық шығармашылық байқауында «Күз» тақырыбында Альманат Бекзат, Бауыржанұлы Батыржан 1 дәрежелі дипломмен марапатталды. 2019-2020 оқу жылы «Триада» Республикалық білім беру орталығының ұйымдастыруымен «Білім: Болашаққа көзқарас» атты педагогикалық байқауының «Педагогикалық эссе» номинациясында 1 дәрежелі дипломмен марапатталдым. 2019-2020 оқу жылы Өскемен қаласында өткен «ҚР Мемлекеттік рәміздерін насихаттау және ұлттық стандартқа сай қолдану бағытындағы жұмыстар» атты авторлық әдістемелік семинардан өтіп, куәлік алдым. 2019-2020 оқу жылы «Urker Mitec» орталығының ұйымдастыруымен Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Республикалық педагогикалық олимпиадасында 3 дәрежелі дипломмен, қатысушы сертификатымен марапатталдым. 2019-2020 оқу жылы «Отбасы тәрбиесі институтының» ұйымдастыруымен «Бақытты отбасы» тақырыбында онлайн курсын аяқтап, сертификатпен марапатталдым.

Грамоты и сертификаты