Аманғалиева Айжан Қойшығалиқызы
Достижения
Атырау облысы, Атырау қаласы, қалалық білім бөліміне қарасты №19 «Шұғыла» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі
2017 жылы Қалалық кәсіподақ комитетінің «Алғыс хатымен» марапатталды.
2017 жылы «Орман аңдары» атты еңбегі республикалық «45 минут KZ» порталына жарияланып, Алғыс хат және сертификат табыс етілді.
2017 жылы Республикалық «www.bilim-gylym.kz» ақпараттық порталында ұйымдастырылған шығармашылық конкурстың ІІ дәрежелі дипломының және «Ұлағатты ұстаз» төсбелгісінің иегері атанды. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы шығармашыл, тәжірибелі ұстаздық еңбегі үшін сертификатпен, 2018 жылы Қалалық білім бөлімінің Алғыс хатымен марапатталды. 2018 жылы облыстық «Өрлеу» БАҰОАФ жоспарына сай курс тыңдаушыларына іс-тәжірибелік оқу қызметімен бөліскені үшін Алғыс хат, 2019 жылы «Қазақ тілін сүйемін» атты сайыста І дәрежелі диплом тапсырылды. 2019 жылы Республикалық «Талапты, талантты жастар» интелектуалды білім порталы педагог мамандар арасында өткізілген «Үздік ашық сабақ презентациясы» атты байқауға қатысып, бірінші дәрежелі дипломға, 2020 жылы ХХІ қалалық педагогикалық оқуға «Мектеп жасына дейінгі балалардың коммуникативті-тілдік құзіреттілігін заманауи инновациялық әдістерді қолдану арқылы жан-жақты дамыту» шығармашылық жұмыс тақырыбымен қатысып, ІІ дәрежелі дипломға ие болды.