Амырханова Гүлкашима Қайыржанқызы

2828 место в рейтинге
  • Общий бал: 0
  • /
  • Проголосовало: 0

Достижения

Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Екібастұз қаласы білім беру бөлімінің «№26 мектен-гимназиясы» мемлекеттік мекемесі

2015-2016 оқу жылы Республикалық «Сәлем, Астана» фестивалінде жүлделі орын алған оқушыларды дайындағаны үшін алғыс хатпен, «Арман қала-Астана» байқауына оқушылар дайындағаны үшін мақтау қағазымен марапатталды. Халықаралық «Дарабоз» өнер-білім байқауына оқушы дайындағаны үшін алғыс хаттың, халықаралық «Кенгуру» сайысына жеңімпаз оқушыларды қатыстырғаны үшін алғыс хаттың иегері атанды. 2016 жылы Республикалық «Педагогикалық идея» ғылыми-әдістемелік журналға «Инновациалық технология» атты мақаласы, 2017 жылы республикалық ұстаздар шығармашылығының топтамасына «Бастауыш сынып білім беру үдерісінде жаңа технологияларды қолдану» атты мақаласы шықты. 2018 жылы Республикалық «Білім айнасы» газетінің редакциясы ұйымдастырған «Педагогтардың шығармашылық дағдысын дамыту » атты семинарға қатысып, сертификат иеленді. 2019 жылы «Ұлағатты ұстаз» атты Республикалық оқытушылар сайысында «Ғылыми-ізденіс жобаларын ұйымдастырудың үздік әдіс-тәсілдер жүйесі» бағытында «Қазақ тілі сөздерінде «ң» дыбысының қолданысы» атты жұмысы үшін ІІ орынға ие болды. «Ustaz tilegi» республикалық ұстаздар сайтында белсенділік танытқаны үшін алғыс хат, 2018 жылы «Атадан қалған мұра» қоғамдық қорының дипломы табысталды. І Республикалық «Кемеңгер ұстаз» олимпиадасынан жүлделі ІІІ орынға ие болды.