Бабылжанова Айтурган Ашидиновна
Достижения
Алматы облысы, Көксу ауданы, Балпық би ауылы, «Алпамыс» бөбек жай балабақшасы
2019 жылы Bilimqer.kz республикалық білім порталында ұйымдастырылған республикалық «Үздік циклограмма» байқауында жақсы нәтиже көрсеткені үшін номинациялық диплом иеленді. 2019 жылы «Тәрбиешінің педагогикалық шеберлігі» атты мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің қызметкерлеріне арналған IV Республикалық сайысында III орынды растайтын диплом иегері атанды. 2019 жылы «Данышпан» республикалық қашықтық байқаулар орталығының ұйымдастыруымен өткен «Әлем неткен ғажап ең!» атты шығармашылық байқауынан диплом иеленді. 2020 жылы ҚР Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының иегері Qaztest.kz қазақ тілді олимпиада сайтында ұйымдастырылған II Республикалық «Үздік мектепке дейінгі ұйым қызметкері» олимпиадасына қатысқаны үшін сертификат берілді. 2020 жылы өткізілген Республикалық «Менің мамандығым – тәрбиеші» Блиц-турнирінде ІІ дәрежелі диплом иегері атанды. 2020 жылы Республикалық жоғары рухани- адамгершілік қасиеттерді жас ұрпақтың бойына сіңірудегі озық отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған «Бақыт – отбасынан басталады» конкурстық онлайн интернет жобасында белсенділік танытқаны және жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі үздік жетістіктері үшін І дәрежелі диплом және алғыс хат иеленді. 2020 жылы Республика көлеміндегі балабақша бүлдіршіндері арасында «Қыс қызығы» тақырыбында өткен «Сиқырлы қылқалам» байқауына белсене атсалысып, қосқан үлесі және кәсіби шеберлігін, біліктілігін жоғары дәрежеде танытқаны үшін құрмет грамотасымен марапатталды.