Бегалиева Айгерим Ахметбековна

502 место в рейтинге
  • Общий бал: 3
  • /
  • Проголосовало: 2

Достижения

Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы №5 И.В.Панфилов атындағы мектеп- лицейі

2017 жылы Қызылорда қалалық білім бөлімі «Жас маман-2017» бастауыш сынып мұғалімдері арасында өткізілген байқаудың ІІІ орын иегері. 2018 жылы еліміздің жас жеткіншектерін оқытып, тәрбиелеу жолында сіңірген еңбегі және білім саласын дамытуда қосқан ерекше үлесі үшін «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» Құрмет грамотасымен марапаттады. Бастауыш мектепте олимпиадалық және логикалық есептерді шешу тәсілдері» атты бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған Республикалық оқу-әдістемелік семинарын 36 академиялық сағат көлемінде тыңдап және Республикалық «ПедСтарт» математикалық олимпиадаға қатысқаны үшін сертификатпен марапаттады. Nio Республикалық Ұлттық Интернет Олимпиада тарапынан ұйымдастырылған оқушылар арасындағы пәндік олимпиадаға шәкірттер қатыстырып, жоғары нәтиже көрсеткені және олимпиада жеңімпаздарын дайындағаны үшін Алғыс хат алды. Тio Республикалық Дәстүрлі Интернет Олимпиада порталы ұйымдастырған олимпиадасына оқушылары 80%-дан жоғары нәтиже көрсеткені үшін Құрмет грамотасымен марапатталды. 2019 жылы «Зейін» ІІ Республикалық олимпиадасының қатысушысы екенін растайтын сертификат алды. Білім беру саласын дамыту мен жас ұрпақтың шығармашылық қабілеттерін шыңдау және ғылыми ізденіске құлшынысын арттырғаны үшін және 2020 жылы «Тәуелсіз ел жастары» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Әлем таныған Абай» жобасы аясында, мектеп оқушылары және балабақша тәрбиеленушілері арасында өткен Абай Құнанбайұлының «Қыс» атты өлеңін мәнерлеп оқудан Республикалық байқауға шәкірт дайындағаны үшін Құрмет грамотасымен марапатталды.