Беков Медет Есентаевич

2948 место в рейтинге
  • Общий бал: 0
  • /
  • Проголосовало: 0

Достижения

Қостанай облысы , Арқалық қаласы А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназиясы

«Қазіргі ғылым мен білімнің басымдылықтары» атты ғылыми тәжірибелік және Жас ғалымдар мен магистранттардың «ХVІІІ Сәтбаев оқулары» атты халықаралық ғылыми конференциясынан сертификатқа ие болды. «Шет тілді білім беру» ғылыми – практикалық конференциясына мақаласы жарияланды. «Ы.Алтынсарин оқулары-2020», «Қоғамның әлеуметтік және рухани жаңғыруы жағдайындағы білім берудің сапасын жоғарлату» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми -тәжірибелік конференциясынан ІІІ орынды иеленді. «Nobel» Халықаралық ғылыми – сараптамалық және ақпараттық - әдістемелік журналына «Әл-Фарабидің рухани әлемі» мақаласы жарияланып, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. «Абайдың 175 жылдығына» орай ғылыми конференцияға «Абайдың қара сөздерінің философиялық – педагогикалық рөлі» атты баяндамасы жарық көріп, ІІІ дәрежелі диплом иеленді. «Назарбаев зияткерлік мектептері және Қазақстан Республикасының жалпы білім беру мекемелері мұғалімдеріне арналған «Жаңартылған білім мазмұны – жаңашылдыққа бастама» тақырыбындағы коучинг сайысынан ІІ орынмен марапатталды. Сертификатталған мұғалімдердің үздік панорамалық сабақтарының «Менің тиімді сабағым» онлайн конкурсының ІІ дәрежелі диплом жүлдегері. «Ustaz tilegi» республикалық ұстаздар сайтында «ең үздік ашық сабақ» сайысының ІІІ орын иегері. «Үздік жас ұстаздар» жинағы «Мұғалім мәртебесін асқақтату» жинағына енді.