Биболова Гулнара Сайлауовна
Достижения
ШҚО,Үржар ауданы,Мақаншы ауылы С.Сейфуллин атындағы орта мектеп-бақша КММ
«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының Облыс көлемінде тәжірибесін бөліскені үшін Алғыс хатпен және Облыстық «Балдырған» олимпиадасында жас жеткіншектерге білім берудегі жетістігі үшін мақтау қағазын алды. Шығыс Қазақстан облысының Білім басқармасының оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен жетілдірудегі жемісті еңбегі үшін Құрмет грамотасымен марапатталды. Өрлеу педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру инстиутының Алғыс хатын алды. Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған олимпиада Республикалық олимпиадасынан «үздік нәтиже» көрсеткені үшін сертификат берілді.2018 жылы Республикалық қашықтан өткізілетін олимпиадалар, байқаулар порталының «Жас жеткіншектерге үздіксіз білім мен тәрбие берудегі еңбегі үшін» Алғыс хатын алды. «Ұстаз тілегі» Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығының олимпиадаға оқушы дайындағаны үшін Алғыс хат берілді. 2019 жылы «Математика» және «Қазақ тілі», «Дүниетану» пәндерінен Республикалық «ПедСтарт» олимпиадасының І және ІІ дәрежелі диплом иегері. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын білім беру ұйымдарының педагогтары арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен «Үздік бастауыш сынып мұғалімі – 2020» атты Республикалық байқаудың жеңімпазы болды. Халықаралық «оқыту мен тәрбие үрдісіндегі инновациялық және дәстүрлі құндылықтарды дамыту жолдары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда « Оқушылардың қызығушылығын арттыруда қалыптастырушы бағалаудың маңызы»тақырыбына Алғыс хатпен мадақталды.