Қожбанова Үміт Сексенқызы
Достижения
2015 жылы «Кіші жастағы оқушылардың көркем әдебиетке қызығушылығын дамыту жолдары» облыстық жобалар байқауында жаңашылдығымен танылып, «Таңдаулы тың ізденіс» номинациясына ие болғаны үшін дипломмен марапатталды. 2017 жылы «Педагогикалық даму» журналынан бастауыш сынып оқушыларын шығармашылыққа баулу турасында мақаласы шықты. 2017 жылы «Үздік сабақ - озат тәжірибе» атты байқауына қатысып, жоғары педагогикалық шеберлігімен танылғаны үшін дипломға, «Пони» Халықаралық байқауына жеңімпаздары мен жүлдегерлерін сапалы дайындағаны үшін дипломға ие болды. 2018 жылы Ақтөбе облыстық ғылыми тәжірибелік орталығынан «Аттестатталушы педагогтың әдістемелік жұмысының панорамасы» атты облыстық семинар-практикумына белсене қатысып, білімі мен шығармашылық шеберлігін танытқаны үшін Алғыс хат, Ақтөбе облысының білім басқармасынан құрмет грамотасы табысталды. «Өрлеу» АҚ «Бастауыш класс оқушыларының логикалық ойлауын өз бетінше есептер шығарту арқылы дамыту» орталығынан диплом берілді. «Әдіскер жаршысы» баспасынан бастауыш мектептерде сын тұрғысынан ойлау арқылы оқытудың тиімділігі турасында әдістемелік құралы жарыққа шықты. 2019 жылы «Пони» Халықаралық байқауынан диплом берілді.