Қазиева Венера Бахытжанқызы
Достижения
2017 жылы Республикалық сырттай «Мен баланың шырағын жағу үшін мектептемін...» эссе байқауында ІІ дәрежелі диплом табысталды. 2018жылы «Ең үздік сабақ жоспары» республикалық байқауының аудандық кезеңінде І орын, Республикалық КИО қашықтық олимпиадасының мұғалімдерге арналған қазақ әдебиеті пәнінен қатысып, аудан бойынша І орын дипломын иеленді. Республикалық «Үздік сынып жетекшісі» атты ұстаздар олимпиадасына қатысып, жоғары нәтиже көрсеткені үшін ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Qaztest.kz қазақ тілді интернет олимпиада сайтында сынып жетекшілердің біліктілігін анықтау мақсатында ұйымдастырылған «Ақберен» республикалық ақындық және шешендік өнер байқауының ІІ (облыстық) кезеңінің «Шешендік, білгірлер» номинациясы бойынша оқушысы І орынды иеленді. Облыстық «Сыр үміттері» дарынды балаларға арналған энциклопедияға оқушылары енді. 2019 жылы аудандық «Озат» шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен өткізілген «Бүгінгі білім берудегі құндылықтар» байқауында Бас жүлдеге, «Үздік тіл маманы-2019» байқауының аудандық кезеңінде ІІ орынға ие болды. «ZIAT» ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Жас білімпаз» атты VIII Республикалық оқушылардың ғылыми жұмыстар сайысынан оқушысы ІІ орын алды. Көптеген оқушылары Республикалық, Халықаралық сайыстарды топ жарды. 2020 жылы Республикалық КИО қашықтық олимпиадасының мұғалімдерге арналған қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәндерінен қатысып, аудан бойынша І орын дипломымен марапатталды.