Кунанбаева Ботагоз Зулкайнаровна
Достижения
2018 жылы 1-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының «Зерде» республикалық конкурсының аудандық кезеңінде «Тіл білімі» секциясы бойынша оқушылары марапатталды. 2019 жылы Ағылшын тілін оқытудағы дидактикалық материалдар жинағына әдістемелік көмекші құралы жарық көрді. Qaztest.kz сайтында педагогтардың біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған ІІ Республикалық «Үздік педагог» олимпиадасына қатысып, І дәрежелі диплом иеленді. Ғылым мен білім саласының дамуына елеулі үлес қосқаны үшін «Мәртебелі маман» медалімен марапатталды. Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығы мен «Эрудит» республикалық білім сайтының ұйымдастыруымен білім беру саласы қызметкерлері арасында өткен ІІІ Республикалық «Мәртебелі маман -2019» байқауына қатысып, өз тәжірибесімен бөлісіп шығармашылық қабілетімен ерекше танылғаны үшін «Үздік ағылшын тілі пәні мұғалімі» аталымы бойынша ІІ-орын дипломы табысталды. Облыстық кәсіподақ комитеті жастар жылы аясында ұйымдастырған эссе жазу облыстық байқауына қатысып жүлделі І орын алғаны үшін диплом, «Эссе» білім беру орталығының ұйымдастыруымен өткізілген ұстаздарға арналған эссе жазудан республикалық конкурсының облыстық кезеңінде ІІІ орын алғаны үшін диплом, «Ең үздік ағылшын тілі пәні мұғалімі-2019» аудандық байқауынан ІІ орын алғаны үшін диплом берілді.