Ибраева Жансұлу

3053 место в рейтинге
  • Общий бал: 0
  • /
  • Проголосовало: 0

Достижения

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Ақай ауылы №99 орта мектеп


2018 жылы Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығынан дипломммен, аудандық «Озат тәжірибе» орталығының ұйымдастыруымен өткізілген «Педагогикалық калейдаскоп» атты байқауынан, Республикалық «Қысқа мерзімді жоспардың видеопрезентациясы» аудандық кезеңінен ІІ, ІІІ орын дипломдарымен марапатталды. Мектеп директорынан Алғыс хатқа ие болды. 2019 жылы «Ұстаз тілегі» Республикалық ұстаздар сайты білім сапасының дамуына қосқан үлесі үшін Құрмет грамотасына, Бастауыш сынып мұғалімдері арасында өткен Республикалық Ұлттық интернет Олимпиадасында ІІ дәрежелі дипломға, «ПОНИ» Халықаралық байқауының жеңімпаздарын сапалы дайындағаны үшін дипломға ие болды. Мектептегі демократияландыру жағдайында инновациялық негізде оқыту бағытында мұғалім еңбегінің жетістігін, нәтижелі көрсеткіштерін анықтау статистика бойынша шығармашылық жетістіктері үшін дипломмен марапатталды. Қармақшы аудандық білім бөлімі және аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінен сапалы білім беруде шығармашылықпен жұмыс жасап жүргені үшін Құрмет грамотасына ие болды. 2020 жылы III Республикалық «Үздік сынып жетекші» олимпиадасының жүлдегері I дәрежелі дипломы және сертификаты берілді. www.edulife.kz Республикалық әдістемелік онлайн сайтының «Үздік ашық сабақ», «Үздік сабақ жоспары», «Үздік тәрбие сағаты», «Үздік бастауыш сынып мұғалімі» байқауларынан 1- дәрежелі дипломдарына ие болды. «Бәйтерек» аумақтық-танымдық газетіне «Мамандығым –мақтанышым», Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы қарсаңында «Абайға арнау» атты мақалалары жарияланды.