Дандыбаева Айнагуль Балтабаевна
Достижения
Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет ауылы «Алтын-ай» бөбекжай-бақшасы
2016 жылы Атырау облысы бойынша «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы «Мектепке дейінгі ұйымдарда дене шынықтыру – сауықтыру жұмысын ұйымдастырудың заманауи тәсілдері» тақырыбында Облыстық семинарда Алғыс хат табыс етілді. 2016 жылы Республикалық педагогикалық басылымда «Дошкольный мир» атты танымдық мақаласы жарияланды. 2017 жылы Астана қаласы Білім беру әдістемелік орталығы «NEW Opportunities» «Наурыз-көктем және молшылық мерекесі» байқауында Алғыс хатпен марапатталды. 2018 жылы Республикалық педагогикалық «Бала мен балабақша» журналында «Достық еліне саяхат» атты мақаласы жарияланды. Атырау облысы «Айгөлек» мектепке жасына дейінгі балалар шығармашылық фестивалі байқауында тәрбиеленушілер «Саз аспабында ойнау» жанры бойынша III дәрежелі дипломды иеленді. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Қазақстан-менің Отаным» атты интернет байқауының «Мен-өз Отанымның патриотымын» номинациясы бойынша II дәрежелі диплом, 2019 жылы «Халықаралық экология, инженерия және педагогика ғылымдар академиясы қоғамдық қоры» сурет салу конкурсында «Қыс қызығы» атты еңбегімен I дәрежелі дипломға ие болды. 2019 жылы «Жаңа формация педагогы» атты II Республикалық байқауда мектепке дейінгі жастағы балаларға ұйымдастырылатын оқу қызметтерді ізденімпаз, шығармашылық қөзқарасты өткізу шеберлігін таныстырғаны үшін «Педагог» мектепке дейінгі тәрбие әдістемелік білім беру орталығының II дәрежелі диплом табысталды. «Рухани жаңғыру» ақпараттық сараптамалық орталығы 2018-2019 оқу жылының 100 үздік педагогикалық мақаласы Республикалық конкурс «Үздік сабақ жоспары» номинациясы бойынша I дәрежелі дипломға ие болды.
2019 жылы Атырау облыстық «Айгөлек» мектеп жасына дейінгі балалар шығармашылығының фестивалі байқауында «Қаршақыз бен жеті құртақан» ертегі номинациясы бойынша жүлделі III орынды иеленді. Атырау облысы Білім беру басқармасы «өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі» жеткен жетістіктері үшін Алғыс хат табыстады.