Джакипбекова Гулим Жанабаевна

524 место в рейтинге
  • Общий бал: 3
  • /
  • Проголосовало: 2

Достижения

Қарағанды облысы, Қаражал қаласы, Жәйрем кенті №11 ЖББОМ КММ
Қалалық «Табиғат және біз» сайысында І дәрежелі дипломмен марапатталды. Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде химия пәні бойынша ІІІ дәрежелі диплом иегері атанды. «Биология» пәнінен қашықтан өткізілген «Platon» Халықаралық олимпиадада І дәрежелі мадақтамамен марапатталды. Қ.Шыңғысов Кубогі үшін VI дәстүрлі қалалық пікір сайыста «Алтын спикер» номинациясын алды. «Менің Отаным - Қазақстан» туристік – өлкетану экспедициялық жасақтарының Облыстық слетінің қалалық кезеңінде «Туған өлке соқпақтары» бағыты бойынша ІІІ дәрежелі дипломға, сонымен қатар Қарағанды облысы Білім басқармасының басшысы Е.Иманғалиевтің Алғыс хатымен марапатталды. Жезқазған қаласы Білім бөлімінің басшысы Ж.Е.Альмаганбетовтың мадақтамасымен; кәсіподақ ұйымының төрайымы Л.А.Күнеділованың Алғыс хатымен; Қарағанды облысы Білім басқармасының басшысы Е.Иманғалиевтің, Туристік – өлкетану экспедициясы жасақтарының облыстық форумында «Мектептің үздік баспасөз басылымы» номинациясы бойынша Алғыс хат табыс етілді. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша ХІІ Президенттік олимпиаданың ІІІ дәрежелі жүлдегері. Қаражал-Жәйрем аймағы арасында «Жылдың үздік жас ұстазы - 2020» байқауында бас жүлдемен, Қаражал қаласы Білім бөлімінің басшысы С.С.Шориннің мадақтамасымен марапатталды. «Nur Otan» партиясының алғыс хаты берілді. Daryn.online білім беру платформасы ұйымдастырған І Республикалық «Кемеңгер ұстаз» олимпиадасының ІІ дәрежелі дипломын алды. 2018 жылы «оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» жобасы курсынан, сондай-ақ «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Биология» және «Жаратылыстану» пәндері бойынша педагогика кадрлары курсынан; «Педагогикалық шеберлік» біліктілікті арттыру орталығында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Химия» және «Жаратылыстану» пәндері бойынша педагогика кадрлары курсынан өтті. 2019 жылдары «ХХІ ғасыр педагогы» атты біліктілікті арттыру А1, А2, B1, B2 деңгейіндегі ағылшын тілі курсын тәмәмдады. «ХХІ ғасыр педагогы» атты біліктілікті арттыру «Биология», «Химия», «Физика» және «Информатика» пәні мұғалімдеріне арналған пәндік деңгейіндегі ағылшын тілі курсын тәмәмдады. Cambridge English Placement test-тен өтті C1 деңгейін алды.