Нұрғабиева Гүлмира Қалыбекқызы
Достижения
Нұрғабиева Гүлмира Қалыбекқызы
ШҚО, Семей қаласы
№37 гимназиясы
2018 жылы қалалық пән олимпиадасы мен «Зерде» ғылыми жобалар конкурсына жүлдегер дайындағаны үшін Алғыс хат берілді. 2019 жылы Республикалық «Үздік сынып жетекші» олимпиадасында ІІ дәрежелі диплом алды. ТІО қашықтық олимпиадасының Құрмет грамотасы тағайындалды. КИО олимпиадасында аудан және Облыс бойынша ІІІ орын иеленді. «Математика» пәнінен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған Республикалық «Педстарт» қашықтық олимпиадасына қатысып, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. «Жаңартылған білім беру бағдарламасы негізінде бастауыш сыныптарда қолданылатын жаңа әдіс –тәсілдер» атты авторлық бағдарламасы жарық көрді. 2020 жылы Daryn.onlain білім беру платформасы мен Qaztest.kz олимпиада сайты бірлесіп педагогтардың біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырған І Республикалық «Кемеңгер ұстаз» олимпиадасына қатысып, ІІ дәрежелі диплом иеленді. 1-4 сыныптар аралығындағы «Kemel Akademy» мектебі ұйымдастырған І Республикалық «Қызықты математика және логика» онлайн олимпиадасының жүлдегерлерін әзірлегені үшін дипломмен марапатталды. Нұр-Сұлтан қаласында өткен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған Республикалық «Алтын тұғыр» математикалық олимпиадасына қатысып, 1-орын жүлдегері атанды. Шығыс Қазақстан облысының білім саласына қосқан үлесі үшін Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының Құрмет грамотасын иеленді.