Дуюсов Дәурен Айтжанұлы
Достижения
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Маржанбұлақ ауылдық округі Маржанбұлақ орта мектебі
2015 жылы 10-14 наурыз аралығында өткен «қосымша білім беру жүйесіндегі білім алушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту әдістемесі» тақырыбындағы Республикалық біліктілікті арттыру курсына қатысты.
2015 жылы 30.03-10.04 аралығында «бейнелеу өнері сабағында оқушылардың шығармашылығын инновациялық технологиялар арқылы дамыту» атты курсынан, сондай-ақ 2016 жылы 18.04-22.04 аралығында «ҚР орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бейнелеу өнері, технология пәндері» тақырыбында біліктілікті арттыру курсынан өтті. 2015 жылы ақпан айында Ақтөбе облысының білім басқармасы сайтында «Развитие творческих способностей учащихся на уроках рисования» тақырыбындағы әдістемелік мақаласы жарияланды. 2015 жылы Ұстаз газетінің № 2 санына «Ою-өрнек және оның шығу тегі, түрлері» атты сабағы енгізілді.
2015 жылы «Бейнелеу өнері сабағында оқушылардың шығармашылығын инновациялық технологиялар арқылы дамыту» атты конференцияда «бейнелеу өнері мұғалімдерінің инновациялық іс-әрекетін қалыптастыру» тақырыбында шығармашылық жобаны қорғады. 2017 жылы «озық педагогикалық идеялар мен тәжірибелерді оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану» тақырыбындағы ІІ Республикалық ғылыми-практикалық конференциясына «тиімді жоспар – нәтижелі сабақ» атты әдістемелік мақаласы енгізіліп, баспадан шығарылды. 2019 жылы Республикалық «Алаш ұстазы» журналына 4 кластарға арналған «сәулет өнері» тақырыбындағы сабақ жоспары басылып шығарылды. 2019 жылы көркем бейнелеу өнер студиясына арнап техникалық карта есебінде құрылған авторлық бағдарламасы баспадан басылды. 2019 жылы «Бейнелеу өнері» атты (1-6 кластарға арналған) сабақтар және қызықты сайыстар жинағы электронды орта болып баспадан шықты. 2017 жылы Экспо-2017 халықаралық көрмесіне арналған «балалар – ғарышқа» Облыстық ІІІ шығармашылық ашық байқауына оқушылармен қатысып, қолдау көрсеткені үшін Алғыс хат берілді. 2017 жылы «ІQ» Интеллектті дамыту орталығының ұйымдастыруымен сәуір айында Республика оқушылары арасында қашықтықтан өткізілген байқауларға шәкірттерін белсенді қатыстырып, шығармашыл ұрпақ тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін марапатталды. 2018 жылы Ақтөбе Облысының білім беру саласындағы тынымсыз шығармашылық еңбегі мен өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі қол жеткізген табыстары үшін құрмет грамотасы берілді. 2019 жылы «әлемнің жарығын сыйладың сен маған...» Республикалық интернет-байқауында білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін және көркем интеллектуалдық әлеуетін дамытуда қосқан үлесі үшін Алғыс хат алды. 2019 жылы еліміздің білім беру саласында қызмет етіп, жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне қосып келе жатқан үлесі үшін «Алаш ұстазы» журналы грамотамен және «парасатты педагог» төсбелгісімен марапаттады. 2019 жылы Daryndy-zhas оқу орталығының ұйымдастыруымен «Су асты әлемі» атты Республикалық қашықтық байқауға жүлделі орын алған оқушыларды дайындағаным үшін диплом берілді.
2020 жылы Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығы «эрудит» интеллектуалды білім сайтының ұйымдастыруымен педагогтар арасында өткен Республикалық «Цифрлы Қазақстан -2020» атты шығармашылық байқауына «ең үздік көркем еңбек пәнінің мұғалімі» номинациясы бойынша қатысып, үздік нәтиже көрсеткені үшін І дәрежелі диплом алды. 2020 жылы «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды білім порталының ұйымдастыруымен Ұлы жеңістің 75 жылдығына байланысты «Ер есімі – ел есінде» атты Республикалық қашықтықтан өткен байқауға балалардың шығармашылық жұмыстарын ұйымдастырып, белсенділік танытқаным үшін Алғыс хат табысталды.