Дюйсекина Айжан Бакытбековна

3208 место в рейтинге
  • Общий бал: 0
  • /
  • Проголосовало: 0

Достижения

Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы
Ш.Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі

Ағылшын тілі бойынша мұғалімдерге арналған Республикалық қашықтық олимпиадасында Облыс бойынша 3-орын алғаны үшін мадақтама берілді. «Креативті мұғалім - заман талабы»атты Республика мұғалімдерінің тәжірибелік қашықтан өткізілген конференциясына қатысып, «Teaching English through games» тақырыбындағы өз мақаласы жарияланды. «Білім және ғылым» атты Республикалық шығармашылық фестивальда «үздік әдістемелік құрал» бағытында 1-орынды жеңіп алды. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын білім беру ұйымдарының педагогтары арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен «Қазақстанның жыл мұғалімі-2019» атты Республикалық байқауының II дәрежелі жеңімпазы атанды. Білім дәрежесін көтеріп, болашақ ұрпақтың интеллектуалдық дамуына үлес қосып, сапалы білім берумен қатар Республикалық Ұлттық Олимпиада тарапынан ұйымдастырылған пәндік олимпиадаға шәкірттер қатыстырып, жоғарғы нәтиже көреткені үшін арнайы мадақтамамен марапатталды. «Заманауи білім беру: мәселелер, трендтер және стратегиялар» атты жаңашыл педагогтардың I Халықаралық форумы аясында өткізілген педагог қызметкерлердің кәсіби байқауларына қатысып, өзінің озық тәжірибесін педагогикалық қауымдастыққа таратқаны үшін 1-дәрежелі диплом табыс етілді. Анталиядағы XI Халықаралық Олипиадаға оқушыларды белсенді қатыстырғаны үшін XI Халықаралық Олипиаданың ұйымдастырушысы Zaker Bikkenoglu –нан алғыс хат алды. «Лидер.кз» Халықаралық интеллектуалды білім орталығының ұйымдастыруымен өткен Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жыл толуына орай «Абай мұрасы-халық ұлағаты!» атты білім саласы қызметкерлерінің халықаралық байқауында, «Үздік сабақ жоспары» номинациясы бойынша жүлделі II-орынды иеленді. Қазақстан Оқу Ассоцациясы «жазғы шаттық» атты балалардың халықаралық оқу конференциясының жоғары деңгейде өтуіне қосқан үлесі үшін Алғыс хатпен марапатталды.