АШЫҒУ – ДИАБЕТКЕ ЕМ


24.10.2018, 14:53

Ашығу диетасы ұйқы безі жасушаларын қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Мұны америкалық ғалымдар айтты. Майы, көмірсулары мен ақуыздары аз, төмен калориялық диета адам ағзасын қайта іске қосып, жасушалардың механизмін күшейтеді.

Дәрігерлердің пікірінше, осындай жаңалық диабетпен күресуге мүмкіндік береді. «Cell» журналына жарияланған Оңтүстік Калифорния университеті ғалымдарының зерттеулері тышқандарға тәжірибе жүргізілгеннен кейін ұсынылды. Тышқандарды бірнеше уақыт бойы аштықта ұстап, кейіннен қалыпты диетаға отырғызған. Аталмыш тәжірибе адамдарға да жасалды. Зерттеуге қатысушылар бес күн бойы май сақталған көмірсулар мен ақуыздары аз тағамдарды пайдаланған. Дәрігерлер осылайша адам ағзасының жұмысын қалпына келтіруге болатынын ашығу арқылы дәлелдеді. Алайда қант диабетін ашығумен емдеу осы уақытқа дейін миға қонымсыз болып келді.