Жоба туралы


Ozattar.kz  –білім мен ғылымға құштар қауымның беделін арттыруға, жан-жақты дарындардың шеңберін кеңейте отырып интернет энциклопедия  жасақтауды мақсат ететін еліміздегі тұңғыш портал.

Порталдың алдында тұрған бірден-бір мақсат – ұлт ұстаздары мен зерделі студент-оқушылардан тұратын тұңғыш интернет энциклопедия жасақтау.

««Ozattar.kz» танымдық сайты бүгінгі білім мен ғылымның шаңырағы биік  дәуіріндегі ұзтаз бен шәкірт мүддесін жақтауға, қорғауға үлес қоспақ ниетте. Соған орай, сайт қазақ болмысын бедерлейтін ұлттық дәстүр, тарих, мәдениет, руханиятқа және ұстаз бен шәкірт абыройының жоғары болуына ден қояды. Қазақтың бүгіні мен ертеңінде ерекше орны бар тұлғаларымызды тәрбиелеп, ел іргесінің мығым болуына болашақ маман дайындап отырған  оқытушыларды да ұмыт қалдырмай, есімдерін жаңғыртып  отыру да сайттың міндеті. Ендеше,  қай кезең, қай дәуірде болмасын адамға білім мен тәрбие беруден асқан мұрат жоқ екенін ескере отыра,  ұстазды – ұрпақ тәрбиелеп өсіруші, қоғам сенген адам деп есептей қателеспей айта аламыз.
Бұл жоба еліміздегі білім саласының ең  үздіктеріне арналған.