Ұлы Дала ұрпағымен жаңғырады


07.05.2019, 13:28

Ұлы Дала ұрпағымен жаңғырады.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы ретінде жариялап, төл тарихымызды жетік меңгеру және қадірлей білу елдің болашағының мызғымас кепілі, басымдығы екендігін ерекше атап көрсетті.                         

Елбасымыз өзінің мақаласында   тарихи  сананы жаңғырту бөлімінде ежелгі дәуірден қазіргі заманға  дейінгі кезеңді қамтитын барлық отандық мұрағаттар  дүниесіне елеулі іргелі зерттеулер жүргізу үшін «Архив-2025» жеті жылдық бағдарламасын жасау керектігін және  өз тарихына деген мақтаныш сезімін ұялатып,отаншылдық тәрбие беру мектеп қабырғасынан  басталуға тиіс  екендігін  атап көрсетті.Өткенімізді білмей жаңаның салтанат құруы мүмкін болмаса керек.

Ұлы даланың ұлы есімдері Көпшіліктің санасында тарихи үдерістер, негізінен, тұлғаландыру сипатына ие болатыны белгілі. Көптеген халықтар өз елінің ерекше елшісі сынды ұлы бабаларының есімдерін мақтан тұтады.  Ұлы дала Әл-Фараби мен Яссауи, Күлтегін мен Бейбарыс, Әз-Тәуке мен Абылай, Кенесары мен Абай және басқа да көптеген ұлы тұлғалар шоғырын дүниеге әкелді.

Тарих ешқашан тоқтамайды, ұрпақтар сабақтастығы  жалғасып жатқанда тарихтың тамыры тереңге жайылады.Ал біздің  міндетіміз өңіріміздің тарихи тұлғаларын зерттей отырып,тарих бетінің жылнамасын жаңа  есімдермен толықтыру болып табылады деп есептеймін.Өткенімізді өшірмей,кейінгі ұрпаққа жеткізіп отыру әрбір шәкірттің адамдық борышы деп айтсақ,онда біздің Ұлы Даламыздың тарихы мәңгіге жаңғырып,жаңарып тұрары анық.Сондықтанда менің ғылыми жобамның тақырыбын “Ұлы Дала ұрпағымен жаңғырады” деп алуымның мәні де осында жатыр.

  Еліміздің бейбітшілігі жолында тер төккен ,бар ғұмырын ұрпақ болашағына арнаған азаматтардың қасымызда болғанын барлық оқушылар біле бермейді..Сондай азаматтардың бірі болған елдің азаматы Әлмұқанов Әбдуәли атамыздың өмір жолына зерттеу жүргізу мен үшін қызықты да тың тақырып болды.Ол кісінің өмір жолы тарихтың ақтаңдақ беттерінен орын алуға лайық екенін осы зерттеру жұмысымнан кейін көз жеткіздім. 

2018 жылы Әлмұханова Сара апайымыздың әкесіне арнаған “Жауынгер.Ұстаз.Кемеңгер...” атты кітабы жарық көрді.Кітаптың атауының өзі кім туралы екенін айтқызбай-ақ білдіріп тұрғандай..Сондықтан да ғылыми жобамның барысы өзі үш сөздің аясында өрбіді.Яғни Ұлы Отан соғысының ардагері,ардақты ұстаз,кемеңгер тұлға Әлмұханов Әбдуәлі туралы мен 4-сыныпта оқып жүрген кезімнен бастап зерттеуді бастадым..Осы жұмысқа жол  сілтеген негізгі себептердің бірі -ол біздің мектебіміздің  ауласында орналасқан Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арналған ескерткіш. Бұл ескерткіштің тарихы туралы ұстазымыз Ғалия апайдан  сұрағанда,ол біздің назарымызды ескерткіштегі «Отан үшін қаза болған мектептің жауынгер түлектеріне арналады»деп жазылған сөздерге аударды.Яғни бұл ескерткіш «Бірінші мамыр»мектебінде оқып жүріп,соғысқа аттанған жауынгерлерге арналған.Онда 38 жауынгердің тізімі жазылған.Ол туралы апайымыз :«Бұл ескерткіш 38 жауынгердің ғана емес отыз тоғыз батырдың ерлігінен сыр шертіп,олардың есімдерін кейінгі ұрпаққа жеткізіп тұрған жәдігер»-деді.

Апайдың айтып  отырған  отыз  тоғызыншы  батыры  осы  ескерткіштің қалануы туралы бірінші болып ой тастаған және орнаттырған кісі-Әлмұханов Әбдуәлі Әлмұханұлы екен.

Біз ол кісі туралы білу үшін оның қызы Сара апаймен кездесіп,көптеген мәліметтер алдық.Сара апай бізге әкесі туралы жазылған кітаптар мен газет-журналдарды, бейнесуреттерді таныстырды.

  Сөйтсек Әбдуәлі атамызда Ұлы Отан соғысының ардагері екен.

     Әбдуәлі атамыз  1918 жылы 15 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Отырар ауданы,Бөген ауылдық кеңесінде он бір балалы отбасында дүниеге келген.Білім алу қажеттілігін түсінген он алты жасар жас жігіт 1934 жылы Шымкенттегі фабрикалық-зауыттық училищені бітіреді.1936 жылы Шымкент ауылшаруашылық техникумына түседі.1939 жылы техникумның өкілі ретінде Мәскеуде Қызыл алаңда өткен физкультурашылардың Бүкілодақтық екінші парадына қатысып,Кремльде Сталиннің қабылдауында болады.Бұл туралы “Оңтүстік Қазақстан” газетінде журналист Ғалымжан Елшібайдың  “Сталинмен стақан соғыстырған қазақ” деп аталатын мақаласы жарық көрді...1939 жыл.Шілде айы.Мәскеу.Кремльдің қабылдау залы.Одақтың әр түкпірінен жиналған алуан түрлі ұлт өкілдері.Жайылған дастархан.Ортада Сталин,Берия және Микоян.Қылышынан қан тамған әйгілі үшеу.Сталин Отан қорғау қақында тост көтеріп,айналысындағы адамдармен стақан соғысты.Солардың бірі Әбдуәли қазақ...” бұл сол мақаладан алынған  үзінді.

  Сталиннің қабылдауында болу кез-келгеннің маңдайына жазыла бермесе керек.

Соғысқа дейін мұғалім мамандығы өте тапшы мамандықтың бірі еді.Осы қажеттіліктен кейін ол ауылшаруашылығы техникумынан Түркістандағы педагогикалық техникумға ауысып,оны бітіріп ұстаздық етті.

Соғысқа өз еркімен аттанып,1942 жылы №120 дивизия құрамында шайқасқа түседі.Одан әрі Румыния,Чехословакия,Австрия секілді мемлекеттерді азат етуге қатысады.Днепр үшін болған шайқаста басынан контузия алып,екі мәрте ауыр жарақаттанады.Оның соғыстағы ерлігі туралы “Дружба” журналында мақала жарық көрген.

 

 

бұл суретте ардагер атамыздың 1981 жылы Совет германиясының 40 жылдығына орай Сталинград  қаласындағы Мамаев қорғанына арнайы шақырылып,майдандас достарымен кездескен сәті бейнеленген.Бұл соғыс адамдарды нәсілге де ұлтқа да бөлмеді.Бірі орыс бірі  қазақ болған жауынгерлер бұл күні бір-бірін сағынышқа толы көз жасымен қарсы алды

Отан алдындағы адал еңбегі үшін төмендегі ордендер мен медальдармен  және көптеген мақтау грамоталарымен марапатталды.:

Ұлы Отан осғысының 1-дәрежелі ордені, “Құрмет белгісі”ордені, “Еңбектегі ерлігі үшін” медалі, “За боевые заслуги” медалі, “Сталинградты қорғағаны үшін” медалі, “Тың және тыңайтылған жерлерді игергені үшін” медалі,тағыда 13 медальдардың иегері.

 

  Соғыстан аман оралған  жауынгер  жасы 77-ге жеткенше ұстаздықтан қол үзбеді.Мақтарал,Арыс аудандарында білім бөлімін басқарды.Төлеби ауданы Бірінші мамыр ауылындағы балалар үйінде және осы елді мекендегі орта мектепте директорлық қызмет атқарды.Жас ұрпағы өткенге көз тастап,келешектің көшін түзесін деген оймен мектеп жанынан соғыста қаза тапқан азаматтарға арнап обелиск тақта ашты.

 

 

 

Әлгінде айтып өткенімдей бұл туралы 4-сыныпта оқып жүрген кезімде зерттеу жұмысымды жүргізіп, аудандық “Төлеби туы” және “Білім әлемі”газеттерінде “Ескерткіш туралы үзік сыр” атты мақаламды жария еттім.2014 жылы аудандық кітапханашылар семинарында соғыс ардагерінің өмір жолымен көпшілікті таныстырып өттім.Осы ескерткішті орнату кезінде ауылымыздағы әрбір үйді жіті аралап,соғыстан қайтпай қалғандардың тізімін есепке алуды Әбдуәлі аға өз жауапкершілігіне алған және өзі де кіріскен екен.

 

 

Оқушыларының бойында патриоттық тәрбиені  қалыптасыру мақсатында жорық жолдары болған Мәскеу,Балтық елдеріне саяхаттар ұйымдастырған.Осындай саяхаттар арқылы жасқаншақ ауыл балаларының бойында жігерлілік пен өжеттілікті қалыптастыруға күш жұмсады.Бұл туралы осы мектептің түлегі заң ғылымдарының докторы Қанатбек Досалиев ағамыз “Жауынгер.Ұстаз.Кемеңгер”кітабындағы өзінің естелігінде ағайының“Сен өмірде аңқау болма,өмірің қиын болады,пысық бол.Қазақтың бар баласына айтарым осы”-деп айтқанын келтіреді.

Ол тек оқушылардың ғана емес жас мамандардың да  қамқоршысына айнала білді.Олардың  шебер ұстаз болып қалыптасуына еңбегін сіңірді. Бұл туралы ардагер ұстаз Зәуре Махамбетәлиева “Төлеби туы” газетінде жарық көрген “Тұлға туралы толғам”атты мақаласында былай деп еске алады ....Қолымнан жетектеп сол кездегі ең тәжірибелі,білікті мамандардың сабақтарына қатыстырды.Үзбей ерінбей ізденуімді талап етті.Мектеп басшысының қыруар жұмыстарын былай қойып,күн ұзатпай сабағыма кіріп,талқылап,үйретуден шаршамады”

Ол кісі мектеп басқарған жылдары мектептің даңқы аудан көлемінен асып,облыс аясында дүркіреп тұрды. “Ұстазы жақсының ұстамы жақсы”демекші жауынгер ұстаздан сабақ алған шәкірттері  республикамыздың түкпір-түкпірінде,шетелдерде  халық үшін қызмет жасап жүр.Атап айтсам:

Актер,театр қайраткері  Қазақ КСР халық әртісі Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Сабит Оразбаев,ҚР Мәжілісі VI шықырылымының депутаты Қайназаров Уалихан,оңтүстік өңіріне белгілі қызметкер,экономика ғылымының докторы Умбеталиев Алтынсары ,Филиософия ғылымының докторы,Инновациялық технологиялар колледжінің директоры Досалиев Қанат,химия ғылымының кандидаты ,Шымкент университетінің ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Шингисбаев Бахытжан, Шымкент қаласындағы “Дарын мектебінің директоры Боранбаев Бегалы,техника ғылымдарының докторы,профессор,академик Кадырбеков Бахтияр және көптеген азаматтарды атауға болады.Ұстаздық жолындағы  еңбегі үшін “Қаз КСР Халыққа білім беру ісінің озаты” төс белгісімен марапатталды.

Зейнеткерлікке шыққаннан кейін де ел ағасы қоғамдық жұмыстардан шет қалмады.90 жылдардағы қиын тоқырау заманында  халықпен жұмыс жүргізу ісіне белсене араласып, ҰОС ардагері Қапалбай Мырзақұловпен бірге ынталы топта болып, халықты ауыз сумен ,табиғи газбен қамтамасыз ету міселесімен айналысты.2006 жылы Аллаһ алдындағы парызын өтеп келгеннен кейін жастар арасында діни экстремизмге қарсы үгіт-насихат жұмыстыарын жүргізді.Ауданның әлеуметтік -экономикалық дамуына қосқан елеулі еңбегі үшін 2001 жылы ТӨЛЕБИ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ атағы берілді.

Кемеңгер ұстаз өзінің саналы тәрбиесін отбасындағы балаларына да бере білді.Отбасындағы 5 ұл мен 4 қызы ата-ана тәрбиесінің үмітін ақтап,ел игілігі үшін еңбек етіп келеді.Олардың бірі әке жолын қуып ұстаз болса,бірі ОҚО Мемлекеттік кіріс департаментінде,бірі ҚР орман шаруашылығында, университеттерде қызмет жасап келді.Тіпті немерелері мен шөберелері де  ҚР экономикасының әртүрлі салаларында қызмет жасап келеді.

 2018 жылдың  қазан айында мектебімізде соғыс ардагеріне арналған арнайы сынып ашылып, ол кісінің бюсті қойылды.

Биыл ол кісі 100 жасқа толды,осыған орай оның ұлдары мен қыздары мектебіміздің ауласына 100 жеміс ағашын отырғызды.Бір кездері ол кісіде мектеп бағына ағаш отырғызған еді.

.Адам ұрпағымен мың жасайды демекші Әбдуәлі атамыз үлгілі отбасы мен білімді шәкірттерімен мың жасап келеді.Ол кісінің Ұлы Далаға қосқан еңбегін осылайша бағалай білсек,ұстаз өзінің ұрпағымен жасап келеді.

Ал біздің міндетіміз ол кісінің ерлігі мен істерін кейінгі ұрпаққа жеткізу,жасап кеткен еңбектерін сақтап қалу және жеміс ағашатарына күтім жасап,мектеп атына кір келтірмеу.

Ардагерге  деген  құрметімді “Жауынгер.Ұстаз.Кемеңгер”кітабындағы жарияланған өлеңім  арқылы жеткізе отырып,ұстаз есімін жаңғырта түссем деймін.

 

Әбдуәлі       атама

70  жыл   толды  жеңіске,

Бұл  қуаныш емес пе !

Елді,жерді  қорғаған,

Ардагерлер емес пе ?

 

Әбдуәлі ата-ардагер,

Қиындықты көрген ер.

Жас болса да аттанды,

Болу үшін жауынгер.

 

Жаумен бірге шайқасып,

Қан майданды көрді ол.

Кеудесіне орден толып,

Елге аман келді ол.

 

Шашын қырау шалсада,

Халық үшін тер төкті.

Ұстаз болып  баршаға,

Басқарды ол мектепті.

 

Ескерткішті  орнатты,

Құрбан болған жандарға.

Үлгі  болып жүрсін деп,

Кейінгі ұрпақ балаға

 

Отан  үшін шайқасқан,

Ардагерге  мың алғыс,

Оларға мәңгі  қарызбыз,

Бейбіт өмір орнатқан.

 

 

Түркістан  облысы Төлеби ауданы  Бірінші мамыр  жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы Өмірәлі Қамар Талғатқызы