Алиакпар Гүлдерайым Маратқызы

64 место в рейтинге
  • Общий бал: 3,67
  • /
  • Проголосовало: 3

Жетістіктері

Алиакпар Гүлдерайым Маратқызы
Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы
Халықаралық «Шарықта, шырқа, жас қыран!» атты Тараз қаласында өткен балалар мен жасөспірімдер арасындағы шығармашылық байқауда бас жүлде иеленді. Республикалық «Өнер қанатында» балалар, жасөспірімдер және ересектер арасындағы фестивалінде жүлдегер атанды. Халықаралық Түркістан қаласында өткен «Ұлы дала елінің ұрпағымыз» атты ән-фестивалінде көрсеткен ән өнері байқауында да бас жүлдені қанжығасына байлады. Республикалық «Біліммен қанаттанған жастар» дарынды оқушылардың энциклопедиясындағы үздік көрсеткіші үшін арнайы мадақталды. Халықаралық қашықтан өткен «География», «Ағылшын тілі» пәнінен 1-орын; ҚР ОҚ ШҒА 49-шы ғылыми – практикалық конференция шеңберінде өткен ІІ деңгейлі аймақтық ғылыми – зерттеу жобасынан 3-орын иеленді. Республикалық Алматы қаласында өткен «Алтын дауыс» атты жасөспірімдер арасындағы ән байқауынан І орынды жеңіп алды.