Жәнібекқызы Ардақ

11 место в рейтинге
  • Общий бал: 5
  • /
  • Проголосовало: 1

Жетістіктері


Жәнібекқызы Ардақ
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің оқушысы

Оқу озаты. «Алтын белгі» үміткері. «Қазақ даласының ұлы тұлғалары» атты Республикалық интернет-байқауының II орын иегері. «Қазақ тілі» пәнінен Халықаралық Монопәндік Турнирде I орын және «География» пәнінен Халықаралық Монопәндік Турнирде II орынды иеленді. Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың Облыстық кезеңінде «Биология» пәнінен III орын; «Математика пәнінен Республикалық Ұлттық Интернет Олимпиадасының I орын; «Жас ғалым» атты IХ Республикалық оқушылар мен студенттердің ғылыми жұмыстары сайысынан III орын; Қазақстан Республикасы Кіші ғылым Академиясының облыстық ғылыми – тәжірибелік конференциясынан III орын алды. Республикалық «Өнерлі өрге жүзер» атты байқауынан I орынды қанжығасына байлады. «Қазақстан Ұстаздары» қоғамы ұйымдастырған «Орыс тілі» пәні бойынша Республикалық қашықтық олимпиадасынан I орын иеленді. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерден Президенттік олимпиаданың өңірлік кезеңіне қатысқаны үшін арнайы сертификат берілді. Облыстық «Серікбол әлемі» ғылыми–тәжірибелік конференциясынан III орын жеңімпазы.