Маратова Румия Арманқызы

34 место в рейтинге
  • Общий бал: 4,08
  • /
  • Проголосовало: 13

Жетістіктері

Маратова Румия Арманқызы
БҚО облысы, Орал қаласы, №42 «Ақниет» гимназиясының 2-сынып оқушысы
Ол қазір «Ақ кеме» эстрадалық студияда білімін жетілдіріп жатыр. Республикалық «Дарабоз» өнер мен білім байқауында «Бейнебаян» жанры бойынша І дәрежелі диплом иегері. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Республикалық өнер мен білім байқауында «Эстрадалық вокал» жанры бойынша және «Ұлы дала дарыны» жобасының Республикалық жоғарғы финалында бас жүлдені жеңіп алды. «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік...» атты «Тәуелсіздік шежіресінен...» суреттер галереясы байқауында арнайы дипломмен марапатталды. Хореография өнерінің «Танцевальный калейдоскоп» Облыстық ашық фестиваліне қатысып, «Білезік» ансамблі құрамында І орын жеңімпазы атанды. 2019-2020 оқу жылында өнер байқауында С.Жанпейісовадан Алматы қаласына жолдама алды. І кезеңнің жеңімпаздары «Шалқар» радиосында насихатталып, орындаған шығармасы Қазақ Радиосының алтын қорына алынды. ІІ кезең бойынша 1-орын алып, Астана қаласында өтетін Халықаралық конкурс-фестиваліне жолдама алды. 2020 жылы «Amanat music» ІІ Халықаралық конкурс-фестивалінің қорытынды кезеңінде Румия шет мемлекеттерден келетін өнерпаздармен сайысқа түседі. «Ынтымақ» өнер-білім орталығының ұйымдастыруымен өткен «Абай», «Мұқағали» оқуларынан Халықаралық онлайн фестивалінің бас жүлде иегері атанды. ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қ.Әлидің туғанына 85 жыл толуын орай «Қадыр ақынның өлеңдерін оқу» инста-конкурсының жеңімпазы және арнайы сыйлық иегері. «Абай-дана, Абай-дара қазақта» атты қалалық байқауда және "Жас Жұлдыз» Республикалық балалар мен жасөспірімдер арасындағы өнер байқауында «Мәнерлеп» оқу аталымы бойынша бас жүлдені қанжығасына байлады. «BilimNur» баспа редакциясының ұйымдастырған «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар-өскелең ұрпақтың дара жолы» атты Республикалық шығармашылық байқауында 1-орын; «Онлайн жұлдыз» Республикалық жас өнерпаздар байқауына қатысып, «Абай оқуы» номинациясы бойынша 1-орын; Ұлы Жеңістің 75 жылдығы карсаңында «Желбіре, жеңіс жалауы» атты қалалық қашықтан өткізілген интернет-байқауының «Жас ақын» бөлімі бойынша 1-орын; Қалалық «Менің әкем-менің мақтанышым» атты байқауға қатысып «үздік бейнеролик» аталымы бойынша бас жүлде иеленді. Нұр-Сұлтан қаласында «Алаш» өнер орталығының ұймдастыруымен өткен онлайн Республикалық конкурста үздік өнер көрсетіп, Нұр-Сұлтан қаласына Тв-жобаға фестиваль концертке тегін жолдама алды.